Қайт сөзіне синоним қала аты

Сабақ туралы мәлімет

Автор және орын

Өңір
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Мектеп
М. Ломоносов атындағы орта мектеп
Мұғалім
Емелбаева Айнагүл Сұңғатқызы
Пән
Әдебиеттік оқу

Сілтемелер мен дереккөздер

  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  • Оқулық
  • Блум таксономиясы
  • Интербелсенді әдіс-тәсілдер

Сабақ тақырыбы

Астана — бас қала

Сабақтың өзегі — мәтін мазмұнын түсіну және Қазақстан Республикасының картасы туралы білімді тереңдету.

Бастауыш сынып

Жалпы мақсат

Мәтіннің мазмұнын түсіну; Қазақстан Республикасының картасы туралы білімдерін жетілдіру.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді және Қазақстан Республикасының картасы туралы білімдерін жетілдіреді.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Карточкалар
  • Қазақстан Республикасының картасы

Сабақ барысы

1-кезең: Қызығушылықты ояту

Белсенді бастау

Мақсаты

  • Оқушыларды ұйымдастырып, белсенді әрекетке жұмылдыру.
  • Ойлау жұмысына ынталандыру.

Тапсырма: сөзжұмбақ

Оқушылар топтарға бөлініп, сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешеді:

  1. 1 Оңтүстіктегі астананы ата.
  2. 2 Абай Құнанбайұлы дүниеге келген қала?
  3. 3 Ең көне қала?
  4. 4 «Қайт» сөзіне синоним болатын қала атауы?
  5. 5 Бидай көп өсірілетін өңір/қала.
  6. 6 Ғарыш айлағы орналасқан қала.

2-кезең: Мағынаны ажырату

Түсіну және нақтылау

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады.

Сөздік жұмысы

ЮНЕСКО
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
Руда
Кен.

3-кезең: Ой-толғаныс

Талдау және қорытынды
  • Анализ: оқушылар игерген мәліметтер арқылы өз ойы мен түсінігін жеткізеді.
  • Синтез: бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ тұжырым жасайды.
  • Қорытынды: сабақ нәтижесін бекітеді.

Бекіту тапсырмасы: тест (I-нұсқа)

5 сұрақ

1) Қазақстан Республикасының бас қаласын ата:

  • А) Қостанай
  • Ә) Астана
  • Б) Алматы

2) ЮНЕСКО Астана қаласына қандай атақ берді?

  • А) Әлем қаласы
  • Ә) Әсем қала
  • Б) Көрікті қала

3) Астана қаласының туған күні:

  • А) 5 мамыр
  • Ә) 6 тамыз
  • Б) 6 шілде

4) Астанаға саяхатшыларды самалымен қарсы алатын өзен:

  • А) Есіл
  • Ә) Ертіс
  • Б) Іле

5) Біздің мемлекетіміздің Еуразия құрлығындағы алатын орны:

  • А) Оң жағалауында
  • Ә) Дәл ортасында
  • Б) Сол жағалауында

Үй тапсырмасы

Келесі оқуға арналған тапсырма: тақырып бойынша мәтінді оқып келу және негізгі ойды қысқаша мазмұндау.

Рефлексия

Оқушылар сабақта не түсінгенін, қандай сұрақтары қалғанын және өз жұмысына баға беруді ауызша немесе қысқа жазбаша түрде білдіреді.