Құрманғазының күйлері

Сабақ тақырыбы мен жалпы сипаттамасы

Тақырыбы

Құрманғазы

Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» әңгімесі негізінде.

Түрі

Аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі баяндау
  • Талдау
  • Әңгімелеу
  • Тірек-сызба

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Тірек-сызба кестелер
  • Кубизм әдісі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» әңгімесі арқылы қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру.

Дамытушылық

Оқып, өздігінен ізденуге баулу; байланыстырып сөйлеу мен ойды тұжырымдай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Отансүйгіш, елін қорғайтын, өнерді қадірлейтін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Сабағымыз басталды,
Балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
Сабаққа зер салыңдар.

Жақсылардан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Ол жер шарының жиырма төрт елін аралап, көптеген атақты палуандармен белдескен. Алтын-күміс медальдарды қоса алғанда, барлығы 48 медаль алған.

Сұрақ 1

Сайыс қай қалада өтті? (Харбин)

Сұрақ 2

Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі — жиу-джитсумен күресем деді.)

Сұрақ 3

Көрермендер арасында неліктен қобалжу болды?

Сұрақ 4

Жиу-джитсу күресінің тәртібі қандай?

Сұрақ 5

Қажымұқан бұл күресте жеңді ме?

Сұрақ 6

Дядя Иван мектебінде қалыптасқан сымбатты жігіттің келбетіне қандай белгілер түсті деп ойлайсың?

Сұрақ 7

Сар-Кек Киге мінездеме бер. (Күйгелек, ызақор, кек сақтайтын, көп сөйлейтін, күлкіні жақтырмайтын палуан.)

III. Мақсат қою кезеңі

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  2. Жаңа сабаққа даярлық.

Көпір тапсырмасы

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білесің? Ол кім?

IV. Жаңа сабақ

Кіріспе

Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Оның өмір сүрген кезеңі аса күрделі болды. Патша өкіметіне қарсы халықты үгіттеді деген айып тағылып, екі рет тұтқындалып, түрмеге жабылған.

Күйшінің қатал тағдыр талқысына түскен бір сәті Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» әңгімесінде баяндалады.

Мәтінмен жұмыс

  • Әңгімені түсініп оқу және жалғастырып оқу.
  • Түсінгенін әңгімелеу.

Сөздік жұмысы

Суыт
Асығыс.
Кілтипандарын
Құпиясын.
Жігері құм болды
Дәрменсіз күйге түсті.
Құқай
Бұл жерде: қиындық.
Шылау
Жүгеннің шаужайы, шылбыры.

V. Түсінгендерін тексеру

1

Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?

2

Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі туралы не түсіндің?

3

Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?

4

Бұл күйді қай кезде шығарған?

5

Күйшіні тұтқындап, қолын байлаған сәтте Динаның көңіл күйі қандай болды? Мәтіннен тауып оқы.

6

Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

Дәптермен жұмыс

Төмендегі сөйлемді дәптерге көркем етіп жаз:

Кенже, сен біздің ауылға хабаршы жібер, болған жайдың бәрін айт. Күйзелмесін, күңіренбесін, артын күтсін ақ істің!

Құрманғазының күйлері

Мысалдар:

  • «Түрмеден қашқан»
  • «Бозшолақ»
  • «Кісен ашқан»
  • «Қайран шешем»
  • және т.б.

Сергіту сәті

Домбырам күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Сурет те саламын.

Күй тыңдау

«Қайран шешем» күйін тыңдау (орындалымы бойынша талқылау).

VI. Қорытындылау (Кубизм әдісі)

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту:

1

Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

2

Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?

3

Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?

4

Құрманғазының ұстазы кім болған?

5

Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Әңгіменің мазмұнын айту және Құрманғазы туралы қосымша мәліметтер жинақтау.