Топтарға тапсырма беру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ реттік сан есімдерді меңгертуге бағытталған. Сабақ құрылымы аралас форматта ұйымдастырылып, сұрақ-жауап, ой қозғау, жаттығу орындау, бағалау, бекіту және қорытындылау әдістері арқылы жүргізіледі.

Сабақтың тақырыбы

Реттік сан есімдер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Бағалау парағы

Жұмыс формалары

  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Сынып ұжымымен жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға реттік сан есім туралы толық мәлімет беру, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, ойлау белсенділігін арттыру, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшінің мәлімдемесі.
  3. «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сыныпты 3 топқа бөлу:
    • Білімділер
    • Ақылдылар
    • Тапқырлар

II. Үй тапсырмасын сұрау

1) Сан есім дегеніміз не?

2) Құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

3) Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4) Мағыналық түрлерін ата.

5) Есептік сан есім дегеніміз не?

6) 140-жаттығу.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

«Рет» дегеніміз не?

Диалог

— Мен бірінші болуды армандаймын.

— Бәрекелді!

— Тек олай болмаса, не істеймін?

— Ештеңе етпейді, екінші болу да жақсы нәтиже. Ең бастысы — сенің алдыңғы қатардан таныла білуге ұмтылғаның.

Бірінші, екінші боп жүлдені ілген,

Менмендігің тұрса асып, несі бақыт?

Қалың елде жүзінші боп жүргенімен,

Жақсыны жарқыратар асыл уақыт.

Э. Рашидұлы

Мәтінмен жұмыс

Өлеңнен сан есімдерді анықтаңыз: бірінші, екінші, жүзінші.

Мағынаны тану және топтық тапсырмалар

Топпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беріліп, қорытындысында ереже шығарылады.

I топ

Білімділер

Сан есімнің ережесін құрастыру.

II топ

Ақылдылар

Реттік сан есімнің жасалу жолдарын анықтау.

III топ

Тапқырлар

Сан есімнің құрамына қарай нешеге бөлінетінін анықтау.