Жаңа сабақ айлағы жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ тақырыбы: d-элементтер сипаттамасы (мырыш мысалында)
Бұл сабақта периодтық жүйедегі d-элементтердің (әсіресе мыс пен мырыштың) орны, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы мен негізгі қосылыстары қарастырылады.
Сабақтар тізімі
- 1 d-элементтер сипаттамасы. Мысал: мырыш.
- 2 Аммиак және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
d-элементтердің (мыс және мырыш) периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі мен алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және қосылыстарын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын дамыту; сілтілік-жер металдары туралы білімін кеңейту.
Тәрбиелілік
Мыс пен мырыштың тұрмыста қолданылуын және өмірдегі маңызын түсіндіріп, оларды тиімді қолдануға бағыттау.
Ұйымдастыру және әдістемелік бөлік
Сабақтың түрі
Саяхат-сабақ.
Әдістер мен тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Есептер шығару
- Түсіндіру
Пәнаралық байланыс
География, физика, биология.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Интерактивті тақта, электронды оқулық, периодтық кесте, суретті плакат
- Реактивтер мен құралдар: натрий гидроксиді, калий гидроксиді, мыс пен мырыш тұздары, сынауықтар, пипетка
Сабақтың жоспары (саяхат маршруты)
- I. Ұйымдастыру
- II. «Күн айлағы»: өткен тарауға шолу (мағынаны тану)
- III. «Жаңа сабақ айлағы»: жаңа тақырыпты түсіндіру
- IV. Бекіту: «Табиғи су қорлары аймағы» (тәжірибелер)
- V. «Гүлдер айлағы»: тапсырмалар орындау
- VI. «Өндіріс айлағы»: Венн диаграммасы
- VII. Үй тапсырмасы. Қорытындылау және бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Назарын сабаққа аудару
II. «Күн айлағы»: өткенге шолу
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1. Құрамында Ca2+ және Mg2+ иондары бар су қалай аталады?
- 2. Электр тогын өткізуі бойынша екінші орында тұрған металл.
- 3. Ас тұзының құрамындағы сілтілік металл.
-
4.
Судың кермектігі екіге бөлінеді:
1) уақытша кермектік 2) тұрақты кермектік
- 5. Стоматология саласында қолданылатын бейметалл элемент.
III. «Жаңа сабақ айлағы»: d-элементтер туралы түсінік
d-элементтер — периодтық жүйедегі ауыспалы элементтер. Бұл элементтерде сыртқы қабаттан санағанда екінші энергетикалық деңгейдің d-деңгейшесі электрондармен толтырылады.
Негізгі ерекшеліктері
- Барлығына металдық қасиет тән.
- Қосылыстарында әртүрлі тотығу дәрежесін көрсетеді.
- Маңызды өкілдері: мыс және мырыш.
Мыс (Cu)
Белсенділігі төмен металлМыс — адамзатқа ертеден белгілі металл. Ол табиғатта саф күйінде де, әртүрлі минералдар құрамында да кездеседі.
Физикалық қасиеттері
- Ашық қызғылт түсті, оңай созылады.
- Ауыр металл: тығыздығы 8,9 г/см3.
- Қиын балқиды: tбалқу = 1083 °C.
- Жылу мен электр тогын өте жақсы өткізеді.
Мырыш (Zn)
Орташа белсенді металлМырыш — ауада салыстырмалы түрде тұрақты металл. Мырыштың өзі және оның кейбір қосылыстары екідайлы (амфотерлік) қасиет көрсете алады.
Физикалық қасиеттері
- Көкшіл-ақ түсті, созылғыш.
- Қаттылығы орташа, ауыр металл: тығыздығы 7,13 г/см3.
- Оңай балқиды: tбалқу = 419,4 °C.
- Металдық жылтыры бар, ылғалды ауада жылтыры бәсеңдейді.