Қазақта киелі сан қандай сан
Қарағанды облысы, Приозёрск қаласы
Наркулова Эльмира Жексенбаевна
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері
Мақсаты
- Оқушыларды ұлттық ою-өрнектермен және олардың түрлерімен таныстыру.
- Ою-өрнек түрлерін ажырата білуге және өрнектеу дағдысын қалыптастыру.
- Практикалық жұмыс арқылы қызығушылықты арттырып, белсенділікке баулу және ұсақ моториканы дамыту.
- Елін, жерін, ұлтын сүюге, салт-дәстүрді білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
- Ата-бабадан қалған қолөнерді жалғастырып, оны жандандыратын ұрпақтың өзі екенін сезіндіру.
Көрнекілігі
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
- Саяхат әдісі
- Сахналау
Тәрбие сағатының барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық көңіл күй (оқушылар қол ұстасады)
- 1-қатар: Біз бір-бірімізге жақсылық тілейміз.
- 2-қатар: Біз бір-бірімізге қуаныш тілейміз.
- 3-қатар: Біз бір-бірімізге сәттілік тілейміз.
- Барлығы хормен: Біз бір-бірімізді жақсы көреміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ұлттың мұраты жолында ұйысайық, жаһандану жағдайында да ерекше қазақы қасиеттерді сақтап қалу үшін біз көп нәрсені ескеруіміз керек», – деп ұлттық болмысты сақтай отырып, дамудың алғы шебіне шақырғаны белгілі.
Халқымыз ықылым заманнан өмірлік тәжірибеге, ата-бабаның дала тіршілігі қалыптастырған дәстүріне сүйенген. Ел боламыз десек, ұрпақ бойына өмір сынынан өткен салт-дәстүрдің озық үлгілерін сіңіріп, рухани тұрғыда тұлға тәрбиелеу — бүкіл қоғам алдында тұрған маңызды міндет.
II. Қызығушылықты ояту
1) «Өрнек» сөзін сандар арқылы табу. Мысалы, «төрт» сөзінің екінші әрпі — ө. Осы тәсілмен қалған әріптерді анықтап, «ӨРНЕК» сөзін шығарамыз:
| Код | Нәтиже |
|---|---|
| 4–2 | Ө |
| 1–3 | Р |
| 10–2 | Н |
| 5–2 | Е |
| 2–2 | К |
2) Топтастыру сұрағы: «Өрнек» дегенде ойларыңа не келеді?
III. Мағынаны тану
Өрнек — бірнеше көркем сызылған сызықтар жиынтығынан құралған әсемдік сызба. Өрнек түрі өте көп, әрі әр ұлттың өзіне тән ою-өрнек дәстүрі бар.
Өткен бейнелеу өнері сабағында «Өрнекті табақ» тақырыбын өткен едік. Сол кезде табақты орыс халқының ою-өрнегімен өрнектеген болатынбыз. Бүгінгі тақырыбымыз — қазақтың ұлттық ою-өрнектері.
«Ою-өрнек» атауы латын тіліндегі ornament сөзінің мағынасына жақын: ол «сәндеу», «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. Ал «ою» сөзі бір жағынан ағаш, темір сияқты материалдарды ойып көркемдеу дегенді, екінші жағынан ою үлгісін дайындауды білдіреді.
Ою-өрнек қайдан туады?
Халық шеберлері ою-өрнекті өсімдік, жануар, құс және ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген.
Қайда қолданылады?
Ою-өрнек тұрмыстық мүліктер мен бұйымдарды безендіруге кеңінен қолданылған.
Сұрақ: Ою-өрнектерді қандай заттардан көрдіңдер?
Сұрақ: Ою-өрнекті кімдер жасайды? (Көбіне әжелеріміз бен аналарымыз.)
Ою-өрнек туралы көбірек білу үшін жайлаудағы ата-әженің үйіне «саяхатқа» шығамыз. Жайлауға бару үшін жылқы керек.
Киелі сан және «Жеті қазына»
Жылқыға мінбес бұрын сұраққа жауап береміз: қазақта киелі сан қандай сан? 7.
«Жеті қазына» ұғымын еске түсіреміз:
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл-білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Жүйрік тазы
Өзеннен өту: дәстүрге қатысты сұрақтар
Алдымыздан өзен кездеседі. Өту үшін қайық қажет. Қайыққа бәріміз бірдей сыймайтындықтан, үш қайық керек. Ол үшін үш сұраққа жауап береміз:
- 1) Қуанышты күндері әйелдер құрт, кәмпит, теңге шашатын дәстүр қалай аталады? Шашу.
- 2) Сәби тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып? Тұсаукесер.
- 3) Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той? Шілдехана.
Өзеннен өткен соң жайлауға келеміз. Оқушылар хормен:
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік,
Жайлауға жақын келдік.
Армысың, ата! Біз саған қонаққа келдік.
Сахналық көрініс: жайлаудағы әже мен ата
Кейіпкерлер
- Әже: Исатай Ханшайым
- Ата: Айдархан Қарлыби
- Немерелері: Шиналиев Асхат, Бейсетай Жансая
Диалог
Әже: Айналайын балаларым, келіп қалдыңдар ма? Жоғары шығыңдар. Келу себептеріңді айта отырыңдар.
Балалар: Әже, біз сізден ою-өрнек туралы білуге және сіздерге көмектесуге келдік.
Ата: Дұрыс келіпсіңдер. Әжелерің — ою-өрнектің нағыз шебері. Сендерге көп нәрсе үйретеді. Мен қойларды бір қарап келейін.
Әже: Жайғасып отырыңдар. Мен сендерді ою-өрнек түрлерімен таныстырамын. Маған екі немерем көмектеседі: Жансая мен Асхат.
Ою туралы өлең (Ф. Оңғарсынова)
Түрің-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп
Әжем кеп, сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп, жайраңдалды жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау елім.
Әжемнің тарамысты саусақтарын
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдыма сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Шеберлік туралы қорытынды шумақтар:
Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабамыз,
Біз де шебер боламыз.
Бұйымдар мен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті,
Қиын болса да қиналмай
Мен де үйрендім өрнекті.
Практикалық бөлім: текеметті өрнектеу
Әже оқушылардан: «Қандай өрнектермен таныстыңдар?» — деп сұрайды. Жауаптар тыңдалғаннан кейін, оқушылар ою-өрнектерді пайдаланып текеметті өрнектеуге кіріседі.
Жұмыс жарыс түрінде өтеді: оқушыларды үш топқа бөлу үшін әрқайсысы оюды таңдап, оның артындағы салт-дәстүрге қатысты сұраққа жауап береді. Бірдей ою алғандар бір топқа бірігеді.
1-топ
Қошқармүйіз
2-топ
Өркеш
3-топ
Қырықмүйіз