Суретшілер шығармалары

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі Есіркеев Қайрат Еленбайұлы ұсынған сайыс сабағы.

Сабақтың тақырыбы

«Бояулар сыр шертеді»

Сабақтың түрі мен типі

  • Түрі: сайыс сабақ
  • Типі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Өзін-өзі тексеру
  • Сайыс элементтері
  • Өзара бақылау

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері туралы білімін толықтыру, шапшаңдыққа үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Дамытушылығы: ой-қиялын дамыту, икемділігін арттыру, сурет салу шеберлігін жетілдіру.
  • Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Құрал-жабдық және байланыс

Көрнекілігі

  • Қалам, қағаз
  • Сулы бояу
  • Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
  • Суретшілер шығармалары

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Еңбекке баулу

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Балалар, “Бояулар сыр шертеді” тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық…»

«Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.»

К. Маркс

Бүгінгі сайыста бейнелеу өнері туралы білім, шапшаңдық, ой-қиял және сурет салу шеберлігі сыналады. Оқушылар екі топқа бөлініп, әділқазылар алқасы сайланады.

I топ: «Акварель»

Акварель — суда жақсы еритін бояу.

II топ: «Гуашь»

Гуашь — суға езілетін қою бояу.

III. Бағдарлама (сайыс кезеңдері)

  1. Үй тапсырмасы: тақырыптық сурет.
  2. Бейнелеу өнері бойынша білімді тексеру.
  3. Суретшілер шығармаларын тану.
  4. Жұмбақтар сайысы.
  5. Түстер туралы мақал-мәтелдер.
  6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
  7. «Достық әзіл» сайысы.
  8. Қорытынды.

1) Үй тапсырмасы: «Ғарышкер болу — арманым»

Оқушылар өз суретін көрсетіп, мазмұнын қысқаша таныстырады («суретті сөйлету»).

2) Өзін-өзі тексеру: терминдер сөздігі

Тапсырма: терминдерді анықтамаларымен сәйкестендіру (бағыттар арқылы сызып көрсету).

«Акварель» тобы

  • Абстракты өнер — тақырыпсыз, шынайы бейнелілігі жоқ өнер.
  • Акварель — суда жақсы еритін бояу.
  • Автопортрет — адамның өз келбетін өзі бейнелеуі.
  • Аппликация — жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем жұмыс.
  • Басқұр — керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ бау.
  • Батальды жұмыс — соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма.
  • Батик — матаға бояумен салынған сурет.
  • Бюст — кеуделік мүсін.
  • Витраж — терезе/есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер.
  • Вернисаж — көркем көрменің салтанатты ашылуы.
  • Гобелен — сурет салып тоқылған кілем.
  • Готика — ортағасырлық Еуропа өнері.

«Гуашь» тобы

  • Гохуа — жібек матаға бояумен орындалатын қытай живописі.
  • Икебана — кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалатын көркем жұмыс.
  • Иллюстрация — кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет.
  • Классика — озық үлгідегі өнер.
  • Коллаж — әртүрлі материалдарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс.
  • Кубизм — ХХ ғасыр басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым.
  • Маринист — теңіз көрінісін бейнелейтін суретші.
  • Мозаика — әртүрлі шыны, тастардан құрастырылған сурет.
  • Фрагмент — көркем шығарманың бір бөлігі.
  • Монументтік живопись — үлкен көлемді көркем безендіруде орындалатын шығарма.
  • Лувр — Париждегі дүние жүзіне әйгілі бейнелеу өнері мұражайы.
  • Миниатюра — өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма.

3) Суретшілер шығармаларын тану

Интерактивті тақтада суретшілердің туындылары көрсетіледі. Әр топқа екі шығарма беріледі. Тапсырма: шығарманың тақырыбын және суретшінің аты-жөнін анықтау.

4) Жұмбақтар сайысы

I топқа

  • Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

    Жауабы: Күн

  • Ақ қойым тұрып кетті, қара қойым жатып алды.

    Жауабы: Қар мен жер

  • Айдалада ақ шатыр, ішінде қызыл көзді шал жатыр.

    Жауабы: Аспан, күн батуы

  • Қара суда суат жоқ, қалың тауда бұтақ жоқ.

    Жауабы: Көз бен кірпік

II топқа

  • Қос ішекке қонақтаған қаланы қара тұлпар алға сүйреп барады.

    Жауабы: Поезд

  • Қара тайым мықты, қара бием сүтті.

    Жауабы: Қазан, ошақ

  • Қызыл сиырды байлап салдым, көк сиырды айдап салдым.

    Жауабы: От, түтін

  • Үстіндегі көйлегі түрлі-түсті, көргенді қызықтырар — мұның аты не?

    Жауабы: Көбелек

5) Түстер туралы мақал-мәтелдер

  • Ақ серке қой бастайды, ақын жігіт той бастайды.
  • Ақ ит, қара ит — бәрі бір ит.
  • Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің, ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.
  • Ағын су арнасын табады, ақ адам орнын табады.
  • Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы.
  • Өрмекшінің торы — қара шыбынның соры.
  • Қайғысыз қара суға семіреді.
  • Ана көңілі қызында, қыздың көзі қызылда.
  • Күн сіркіресе, көк дүркірейді.
  • Сабыр түбі — сары алтын.
  • Сараңның асын сары ит ішеді.
  • Ел-жұрттың қадірін іс түскенде білерсің, сары тонның қадірін қыс түскенде білерсің.
  • Сарғайған жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.

6) Өлеңге иллюстрация жасау (топтық жұмыс)

Берілген өлеңге қысқа уақыт ішінде нобай әзірлеу: негізгі көрініс, композиция, көңіл күй, түстер үйлесімі.

Абай Құнанбаев — «Жаз»

Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жаны қылтылдап,

Ат айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап,

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

7) «Достық әзіл» сайысы

Қатысушылар әзіл-сықақ сипаттағы сурет салады. Кейін суретші жұмысының идеясын түсіндіріп, ұтымды жауап береді.

8) Қорытынды

Әділқазылар алқасы берілген ұпайларды қорытындылап, жеңімпаз топты жариялайды.