Қарқ - қарқ қарғалар, Қар үстінде жорғалар

І. Жаңа сабақ: еліктеу сөз туралы түсінік

Бұл сабақ 6-сынып оқушыларына еліктеу сөздердің мағынасы мен қызметін түсіндіріп, оларды сөйлеуде дұрыс қолдануға бағытталады.

Білімділік мақсаты

Оқушылардың еліктеу сөз туралы бастапқы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Сөз таптары бойынша меңгерген білімге сүйене отырып, еліктеу сөздерді тану және қолдану дағдыларын дамыту; ойлау белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке, ізгі қасиеттерді қадірлеуге тәрбиелеу.

ІІ. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Топқа бөлу және қысқаша таныстыру.

Үй тапсырмасы: постермен жұмыс

Оқушылар үй тапсырмасын топ болып қорғайды. Әр топ өз тақырыбын постер арқылы түсіндіреді.

1-топ

Мезгіл және мекен үстеуі

2-топ

Мөлшер және мақсат үстеуі

3-топ

Сын-қимыл және күшейткіш үстеуі

ІІІ. Жаңа сабақ: еліктеу сөздер

Айналадағы және табиғаттағы түрлі құбылыстардың дыбысына, қимыл-әрекетіне еліктеуден немесе сол құбылыстардың бейнесін суреттеуден туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер көбіне көмекші етістіктермен тіркесіп қолданылады (мысалы, ет, қал, бер).

Құрамына қарай

  • Дара
  • Күрделі

Тұлғасына қарай

  • Негізгі
  • Туынды

Мағынасына қарай

  • Еліктеуіш
  • Бейнелеуіш

Бейнелеуіш сөздер

Табиғаттағы заттардың қозғалысын, қалпын немесе көрінісін көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер бейнелеуіш деп аталады.

Мысал: Найзағай аспанда жарқ-жұрқ етті.

Еліктеуіш сөздер

Табиғаттағы әртүрлі дыбыстарды есту арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш деп аталады.

Мысал: Ырғалып қарға қарқ етті.

Мысал: Ірімшік жерге салп етті.

Үлгі жолдар мен тіркестер

Қарқ-қарқ қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.

— «Жорғалар» деп кім айтар?
— Аң аулаған аңшы айтар.

Кенеттен жанғандай,
Жарқ-жұрқ етіп найзағай.

Түйелер маң-маң басып келеді.

Далаң-далаң жүгірген балалар жарысып жүр.

Торғайлар пыр-пыр етіп ұшып барады.

IV. Бекіту: «Бар білім — кітапта»

Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқулықтағы тапсырмалар орындалады және еліктеу сөздерді сөйлем ішінде қолдану дағдысы қалыптастырылады.

297-жаттығу

Төмендегі еліктеу сөздерді оқып, сөйлемдегі қызметін анықтаңыз:

зу ете қалды күмп бердім дүр етіп селк ете бұлт-бұлт етіп жарқ-жұрқ етіп

298-жаттығу

Берілген тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз:

  • Бұлт бермей — сытылып шығу, бой бермей кету.
  • Жыртың-жыртың — күлу мағынасында.
  • Пыш-пыш демей — сөйлемей, тіс жармай.
  • Бұрқ-сарқ етіп — ашулану, долдану мағынасында.

Сөйлем құрастыру тапсырмасы

Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз:

жарқ-жұрқ мыңқ қарш-қарш ыржың