Аудио кітаптан Бөбек бөлеу өлеңін тыңдату

БҚО, Казталов ауданы

Қараөзен мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тасқалиева Альбина Ерболатқызы

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы

І. Жансүгіров — «Бөбек бөлеу (Ана жыры)»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Ілияс Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу» шығармасымен таныстыру, өлең құрылысына назар аударта отырып талдау жасау, «Бесік жырымен» үндестігін ұғындыру.

Тәрбиелік

Ақын өлеңін оқу арқылы ауыз әдебиетін сүюге, ананы қадірлеуге баулу; адамгершілікке, еңбекқорлыққа, халық дәстүрі мен салтын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ізденімпаздық пен шығармашылықты дамыту, өз бетімен және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сын тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясы
  • Топтық және шығармашылық жұмыстар

Ұйымдастыру

  • Сабақ түрі: дәстүрлі
  • Көрнекілік: АКТ, бесік, айна, тарақ, қайшы және т.б.
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, халықтық педагогика, тарих

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға тақия мен камзол алып келу тапсырылды. Сабақ барысында мұғалім де, оқушылар да қазақы киім үлгісімен отырады.

Сыныппен жұмыс:

  • Қазақы дәстүрмен амандасу: «Бабаларымыз қалай амандасқан?»
  • Көңіл-күйді бағалау: бас бармақ арқылы көрсету

II. Үй тапсырмасын тексеру

Топтық жұмыс

1-топ

Ілиястың өмірі

Өмірбаяны бойынша слайд дайындау.

2-топ

Әсет Найманбаев

Әсет Найманбаев туралы мәлімет жинақтау.

3-топ

«Әнші» өлеңі бойынша жұмыс

Әсеттің бейнесін жасау, әндерінің таралуын картадан көрсету.

Тыңдалым

Ә. Найманбаевтың «Қоңыр қаз» әнін тыңдату.

Мұғалім сөзі

Өткен сабақта әнші туралы мол түсінік алдық. Әннің де түрі көп. Әйгілі Затаевичтің «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында терең мән бар. Ұлы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп жырлайды. Қазақтай әнші халықтың әр перзенті ән айта білген. Ендеше, ең қасиетті, ең қадірлі әндерді кімдер айтқан? Олар қандай әндер деп ойлайсыңдар?

Қызығушылықты ояту

Көрініс

Сабағымызға кіріспес бұрын «Құйыршық» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.

Мағынаны тану

Тыңдалым + талқылау

Қадамдар:

  • Аудиокітаптан «Бөбек бөлеу» өлеңін тыңдату.
  • Слайд арқылы «Бесік жырымен» үндестігін және сәбиге пайдасын түсіндіру.
  • Бесік туралы қосымша мәлімет беру.

Топтық жұмыс

Әр топ өз бағыты бойынша тапсырманы орындайды.

I

Әдебиетшілер

«Бөбек бөлеу» өлеңін талдау.

II

Салыстырушылар

«Атаның әлдиі» мен «Ананың әлдиін» салыстыру.

III

Дәстүртанушылар

Сәбиге қатысты дәстүрлерді жинақтау, ырым-тыйымдарды айту.

Бейнекөрініс

«Асыл арна» арнасынан ата-ананы құрметтеу тақырыбындағы бейнекөрініс көрсетіледі (ақпарат көзі: Aсыл арна, sahih hadister — «Анаға құрмет», YouTube).

Шығармашылық жұмыс

Жеке жұмыс

«Менің анам» тақырыбында бір шумақ өлең құрастыру.

Бекіту: тақырыптық тест

7 сұрақ
  1. 1. Ілияс Жансүгіровтің әкесі қандай жан?

    А. Домбырашы, ұста

    Ә. Би, күйші

    Б. Домбырашы, биші

  2. 2. Ақынның баспа бетін көрген алғашқы туындысы:

    А. «Құлагер»

    Ә. «Тілек»

    Б. «Күйші»

  3. 3. Ілияс Жансүгіров қай ақынның шығармаларын қазақша сөйлетті?

    А. А. С. Пушкин

    Ә. О. Сүлейменов

    Б. Л. Толстой

  4. 4. «Әнші» өлеңінде Әсеттің қай әнінің аты аталады?

    А. «Қоңыр қаз»

    Ә. «Қаракөз»

    Б. «Інжу-маржан»

  5. 5. Ілияс: «...Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым» — деп қай ақын туралы жазды?

    А. Мұхтар

    Ә. Абай

    Б. Ыбырай

  6. 6. «І. Жансүгіров — қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі». Пікір авторын табыңыз.

    А. С. Мұқанов

    Ә. М. Әуезов

    Б. Ә. Тәжібаев

  7. 7. «Бөбек бөлеу» өлеңі қандай жыр түріне жатады?

    А. Ана жыры

    Ә. Әке жыры

    Б. Балалар әні

Дұрыс жауаптар кілті

1 — А 2 — Ә 3 — А 4 — Б 5 — Ә 6 — Б 7 — А

Үй тапсырмасы

Ізденіс
  • Қазақтың өзге ақындарының бесік жырларын тауып, жазып келу; ұнағанын жаттап алу.
  • Қазақ эстрадасында жаңа үлгіде орындалып жүрген «Бесік жыры» нұсқаларын тауып, орындаушыларын жазу.

Бағалау және қорытынды

Рефлексия

Көңіл-күйді бағалау

Сабақ соңында оқушылар көңіл-күйін бас бармақ әдісі арқылы көрсетеді.

Музыкалық қорытынды

М. Беспаевтың орындауындағы «Бесік жырын» сыныппен бірге қосылып айту.

Ескерту

«Бесік жыры»: Әні — А. Бексұлтан, сөзі — Қ. Сәрин. Қажет болған жағдайда толық нұсқасы, слайд және қосымша материалдар жүктеу үшін бөлек сілтеме ретінде ұсынылады.