Құтты болсын тойымыз

Іс-шара туралы

Тақырыбы: «Әліппенің ар жағы — білім бағы».
Өту формасы: бал.

Мақсаты

  • Оқушылардың әліппе кезеңінде алған білімдерін «Әліппенің ар жағы — білім бағы» балында көрсету.

  • Оқушыларды жан-жақты дамыту.

  • Ертеңгілік барысында өзін дұрыс ұстай білуге баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Безендірілуі мен материалдар

Сахналық көрініс

  • Слайд-шоу
  • Әріптерден құралған композициялар
  • Спортзалды шарлармен ерекше дизайнда безендіру

Музыка мен бейнематериал

  • «Салауат, әліппе» бейнебаяны
  • Фанфарлар
  • Вальс әуені

Сценарий барысы

Кіріспе: фанфарлар

Жарапазан (2 оқушы шығып, көпшілікке жар салады)

Елжан

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Әліппе тойы басталды.

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Әлішер

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Әліппе тойы басталды.

Білім туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңіздер,

Естімегендер естіңіздер,

Дабылын оның қағайық,

Баршаны көруге шақырайық.

Елжан

Тәрбие мен білім жарасса,

Өткізейік тойды жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

Әлішер

Армысыңдар, аналар!

Бармысыздар, балалар?

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз!

Музыка

Музыка ойналады.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші: Ділназ (1В)

Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Айтуар (1В)

Қош келдіңіздер, аяулы ата-аналар,

Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған —

Біз, алаңсыз балғын шақтың балалары.

Бал жүргізушісі

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

Вальс

Вальс әуені қосылады. Бал жүргізушісінің белгісімен балалар вальс элементтерін көрсетіп, орындарына орналасады.

Құттықтау және көптілді үзінділер

1-жүргізуші: Әлішер (1Г)

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін — үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштасар шақ.

Өсті білім бойымызда.

Бәрі: Құтты болсын тойымыз!

2-жүргізуші: Айтуар (1Б)

I promise to be very, very good.

I promise to do the things I should.

I promise to make my bed each day.

I promise to put my things away.

3-жүргізуші: Тоғжан (1Г)

Сколько гостей нынче в зале у нас,

Сколько улыбок, сияющих глаз!

Кажется, шире стал спортивный зал —

Мы собрались на свой первый бал.

Музыка звенит, заливается —

Бал первоклассников начинается!

Ескерту

Сценарийде көрсетілген музыка, бейнебаян және сахналық ауысулар іс-шараның ырғағын сақтауға және балалардың өнерін әсерлі ұсынуға бағытталған.