Мәтіннен кім
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Еңбекқор отбасы»
Сабақ аралас форматта өтеді: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау және ізденіс тапсырмалары арқылы оқушылардың тілдік дағдылары мен ойлау қабілеті дамытылады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: еңбекқор отбасы туралы білімді кеңейту, есімдіктер бойынша алған білімді пысықтау.
- Дамытушылық: сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды байыту.
- Тәрбиелік: еңбек етуге, ата-анаға көмектесуге баулу.
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері және көрнекілігі
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау, ізденіс
Көрнекілігі
Сурет, деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ, сызба, кесте
Сабақтың барысы
I. Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Оқушыларды ынталандырып, сабақтың жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Сөздерді жатқа айту
- Мақал-мәтелдерді айту
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы анықтау. Оқушылар суретке қарап тақырыпты ашып, мақсатты өз сөздерімен айтады.
Сұрақтар (талқылау үшін)
- Балалар не істеп жатыр?
- Олар кімге көмектеседі?
- Бұл отбасы еңбекқор отбасы ма?
Сабақтың ұраны
Еңбек түбі — береке.
Мағынасы: Труд — источник достатка.
Бүгін біз нағыз еңбекқор отбасымен танысамыз және өзіміз де сондай болуға тырысамыз. Сонымен қатар есімдіктерді қайталап, мәтін ішінен тауып талдаймыз.
1) Жаңа сөздермен жұмыс
Еңбекқор
трудолюбивый
Кенші
шахтер
Есепші
бухгалтер
Шаршап келеді
приходит уставшим
Қуантуға асығады
торопится обрадовать
- Сөздерді дауыстап оқу
- Оқушыларға оқыту
- Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату
2) Мәтінмен жұмыс
Мәтін
Ержанның отбасы — еңбекқор. Әпкесі Мәдина мен Ержан — оқушылар.
Әкесі — Қарағанды мыс зауытында кенші. Анасы — емханада балалар дәрігері. Ағасы — әкімшілікте есепші.
Бәрі таңертең ерте тұрып, жұмысқа кетеді. Кешкісін бәрі жиналады. Мәдина мен Ержан олардың шаршап келетінін біледі. Сондықтан үйді таза ұстап, жақсы бағаларымен қуантуға асығады.
Сабақ оқу да — еңбек.
Жұмыс түрлері
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- 1–2 оқушыға оқыту
- Мәтінді аудару
- Сұрақ қойып, жауап беру
3) Грамматикалық тапсырма
- Есімдіктерді еске түсіріп, мәтіннен есімдіктерді табу.
- Табылған есімдіктердің қай түріне жататынын айту.
- Жіктеу есімдіктерін қайталап, сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
Сөйлем үлгілері (толықтыру)
… отбасы — еңбекқор. (оның)
… — оқушылар. (олар)
… — емханада балалар дәрігері. (ол)
4) Деңгейлік тапсырмалар (топтық жұмыс)
III деңгей
- Мәтіннен кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді көшіріп жазыңдар.
- Еңбекқор сөзімен 3 сөз тіркесін жазыңдар.
II деңгей
- Келесі жіктеу есімдіктерімен сөйлем құрап жазыңдар: Мен, Біз, Біздің.
-
Мақалдардың жалғасын тап:
- Еңбек түбі — тәтті.
- Жері байдың — берекесі.
- Еңбек етсең — емерсің.
- Еңбектің наны — елдің байлығы.
I деңгей
Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.
IV. Сабақты қорыту
1) «Кім тапқыр?» ойыны
Жасырын тұрған бес сөз бен сөз тіркестерін табыңдар.
К Е Н Ш І Ә П Е Ш О І Г Е Г И Ү Ң М А С Ә Ш Ғ Ч М Б Ү Ғ Р Л Ю Щ Е С Е П Ш І Ш Ы И Ғ Н К З Г Ш Г А К Т Д Қ Ц Х Т Р В П Е Б О Й Ы Һ Ү Д Е Т Л Р Л У Ф Ұ І Ж А Ь Е Қ У А Н Т У Ғ А Ң Д Р А А С Ы Ғ А Д Ы І
2) Сызбаға сүйеніп қорыту
Отбасы мүшелерінің еңбегі мен үйдегі жауапкершілік туралы қорытынды пікір айту.
V. Үй тапсырмасы
- Жаңа сөздерді жаттау
- 73-бет, 4-жаттығу
- Есімдіктерді қайталау
VI. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.