Балалардың бойынан қиянат жасамау, дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру

Оқу іс-әрекеті туралы

Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Көркем әдебиет (өзін-өзі тану пәнімен ықпалдасу)
Тақырыбы
«Асқабақ дәні» (абхаз халық ертегісі)
Көрнекілігі
Суреттер
Әдіс-тәсілдері
Әңгімелеу, түсіндіру, сергіту, сұрақ-жауап
Меңгерілетін сөздер
Абхаз халқы, қызғаншақ

Мақсаты

  • Балалардың әлем халықтары ертегілерінің мазмұнын түсінуге қызығушылығын арттыру.
  • Ертегідегі дұрыс әрекет пен қиянат жасамау құндылықтарын түсініп, ажырата білуге үйрету.
  • Ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек

Ертегі арқылы мейірімді, қайырымды, дос, жанашыр болу; адамға ғана емес, аң-құсқа да қиянат жасамау керегін түсінеді. Құс та жасалған жақсылыққа ризашылығын білдіретінін, ал қиянатқа лайықты жауап болатынын ертегі мазмұны арқылы ұғынады.

Нені игереді

Балалардың бойында қиянат жасамау және дұрыс әрекет құндылықтары туралы түсінік қалыптасады.

Мотивациялық қозғаушы

«Шаттық шеңбері»

Ұмытпайық таңертең

Әлемге күлкі сыйлауды.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкімен түлейік!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Ұйымдастыру

  • Жыл мезгілін, айды, апта күнін пысықтау.
  • Оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстыру.

Ертегі: «Асқабақ дәні»

Бір әйел үйінің табалдырығында отырып, балаларының киімін жамап отырады. Сол сәтте қарлығаштың ұясынан кішкентай балапан құлап түседі. Әйел оны алақанына алып қараса, балапан аяғын сындырып алыпты.

Жаны ашыған әйел балапанның аяғын байлап, оны ақырындап ұясына қайта салады. Келесі көктемде жылы жақтан оралған қарлығаш әйелге ризашылық білдіріп, алдына асқабақтың бір дәнін тастап кетеді.

Әйел дәнді бақшасына отырғызады. Асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып оны жарады. Сол кезде ғажайып оқиға болады: асқабақтың ішінен алтын теңгелер шашылып түседі.

Қарама-қарсы әрекет

Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде ол да қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, әдейі аяғын сындырып, қауырсынын байлап, ұясына қайта салып қояды.

Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, күзде оны пышақпен жарады. Бірақ бұл жолы асқабақтан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйел жазасын тартады.

Бой сергіту сәті

Аппақ болып таң атты,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштың қанаты

Самғап биік ұшады.

Талқылау сұрақтары

  • Ертегіден нені түсіндіңдер?
  • Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма?
  • Неліктен олай болды деп ойлайсыңдар?