Оқушылардың жауаптарын тексеру
Сабақтың тақырыбы
«Мақал-мәтелдер — халық даналығы» (5-сынып, әдебиет)
Сабақтың түрі мен типі
- Түрі:
- аралас сабақ
- Типі:
- жаңа сабақ
- Технология:
- Блум таксономиясы
Әдіс-тәсілдер және байланыс
- Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, әңгіме жазу
- Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті, тіл мәдениеті, логикалық ойлау
- Көрнекілік: мәтін үлгілері, тапсырма кестелері, Венн диаграммасы
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Мақал-мәтелдер туралы ұғым қалыптастыру; олардың халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған ақыл-өсиеті екенін түсіндіру; мақал мен мәтелдің айырмашылығын айқындау.
2) Тәрбиелік
Ана тіліне қызығушылықты арттыру; сөз арасында мақал-мәтелді орынды қолдануға үйрету.
3) Дамытушылық
Құзыретті тұлға қалыптастыру негізінде логикалық ойлауды, ой дәлдігін дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сабаққа әзірлеу
- Түгелдеу
- Үй тапсырмасына назар аударту
II. Үй тапсырмасын тексеру (ой қозғау)
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, тақырыпқа жетелейтін сұрақтар арқылы білімдерін бекіту:
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?
- Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар.
- Тұрмыс-салт жырларында не суреттеледі?
- Төрт түлікті атаңдар.
- Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
Мұғалімнің кіріспе сөзі: жаңа тақырыпқа қысқаша шолу жасалып, мақал-мәтелдердің тілдік әрі тәрбиелік мәні айқындалады.
III. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша)
Білу
- Мақал-мәтел дегеніміз не?
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Отан, туған жерге қатысты мақал-мәтелдерде қандай ой түйінделеді?
- Еңбек туралы мақал-мәтелдерде не дәріптеледі?
- Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерде нені маңызды деп көрсетеді?
Түсіну
- Неліктен мақал-мәтелдер халық мұрасы болып саналады?
- Неліктен мақал-мәтелдердің мазмұны уақыт өте өзгеріп отырады?
- Оқулықпен жұмыс: 30-беттегі мақалдарды оқу, мағынасын түсіндіру.
Қолдану
Мақал-мәтелдерді пайдаланып, оқушылар жұппен немесе топпен қысқа диалог құрастырады.
Талдау
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ортақ белгілерін анықтау. Оқушылар Венн диаграммасы арқылы салыстырып толтырады:
Мақал
Түйінді ой, қорытынды, тәрбиелік мәні айқын.
Ортақ
Қысқа, нақыл, ұрпақ тәжірибесінен туған, тіл байлығын арттырады.
Мәтел
Ойды тұспалдап жеткізеді, көбіне қорытындысы жасырын.
Жинақтау
Мақал-мәтелдерді тақырыптарға бөліп, сызбаға түсіру (әр тақырыпқа кемінде 3 мақал-мәтел).
- Отан, туған жер
- Еңбек
- Ерлік, батырлық
Бағалау
Оқушылар өз қалауы бойынша бір мақал немесе мәтел таңдап, оның мазмұнын ашатын қысқа әңгіме құрастырады.
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Астана қаласы, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы
Мұғалім
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі — Джорабаева Р. К.