Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарындаКеш сценарийіІ жүргізушіҚайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар

Қазақстан және Ұлы Отан соғысы жылдары

Естелік кешіне арналған мәтін. Тарихи деректер мен ерлік сабақтарын еске түсіретін ой-толғау.

Соғыстың басталуы және Брест қамалы

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.

Соғысты алғаш қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашы болды. Атақты Брест гарнизонында 1941 жылдың көктемінде шамамен 3 мыңға жуық жерлесіміз қызмет еткен. Шілде айында олардың көпшілігі әскери қызметтен босап, елге қайтуы тиіс еді. Алайда жаудың тұтқиыл шабуылы бұл жоспарды күл-талқан етті.

Соғыс өрті ішке қарай жылдам еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизан қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған, көпшілігінің сүйегі Беларусь жерінде қалды.

Назар аударатын дерек

Брест гарнизонында 1941 жылдың көктемінде шамамен 3 мыңға жуық қазақстандық қызмет еткен, ал партизан қатарында 190 жерлесіміз болған.

Ерлік есімдері — ел жадында

Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің қатарында Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және басқа да көптеген қаһармандар бар. Біз олардың ерлігіне құрметпен бас иеміз.

Ал бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етіп, еске алайық.

Өлең жолдары

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы,
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

1 минут үнсіздікпен еске алу.

Халықтың жұмылуы және майданға аттану

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да майданға сұранды.

Өлең жолдары

Бұлт түнеріп аспаннан,
Талмай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.

Соғыс талай шаңырақты ортасына түсірді: аға-іні бауырдан айырды, тыныш жатқан ауылды зар жылатты, ананы жалғызынан, баланы әкесінен айырды.

Бағдарлама белгісі

  • Ән: «Сарбаздар»
  • Көрініс (сахналық бөлім)

Майдандағы ерлік және Мәскеу түбіндегі шайқас

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашизмге қарсы ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында да мыңдаған қазақстандық болғаны белгілі.

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы әсіресе Мәскеу түбіндегі шайқаста айқын көрінді. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзек жолдың бірі — Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Осы бағытта Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді.

Өлең жолдары

Жеңіс деген — жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Қазақстанның үлесі: адам, техника, әскери құрамалар

1939 жылғы дерек бойынша, республикамызда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Республикада 20-дан астам атқыштар дивизиясы және басқа да әскери құрылымдар жасақталды.

Майданға жөнелтілген ресурстар

Көлік
14 100
жүк және жеңіл автокөлік
Техника
1 500
шынжыр табанды трактор
Көлік күші
110 400
жылқы

Қосымша: 16 200 арба жөнелтілді.

Әскери білім, марапат және қаһармандар

Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941–1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды. Қазақстан аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны (толық емес дерек бойынша) шамамен 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.

Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды. 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры атанса, 100-ден астам жауынгер — Даңқ орденінің толық иегері болды.

Екі мәрте Батыр атанған қазақстандықтар

  • Талғат Бигелдинов
  • Сергей Луганский
  • Иван Павлов
  • Леонид Беда

Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың қос қызы — мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі — қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандар қатарында да қазақстандықтар шайқасты, солардың бірі — Қасым Қайсенов.

Ал даңқты қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы мен 28 панфиловшының ерлігін білмейтін қазақ кемде-кем.

Естелік — ұлт жадын жаңғыртады. Ерлік — ұрпаққа аманат.