Проблемалық сұрақ

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырып

«Бұлбұл мен тоқылдақ» (презентациямен)

Мақсат

Мысалдың түйінді ойын ашу арқылы оқушыларда адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру.

Негізгі идея

Дәстүрлі емес оқыту тәсілдерін қолдана отырып, ана тілі пәніне танымдық қызығушылықты арттыру; табиғатты аялау және қорғау жолдарын өмірмен байланыстыра анықтау.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыста қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: мәтін сұрақтарына жауап береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі әрі хабарлы шағын мәтіндер құрастырады.

Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою
  • Салыстыру кестесі, көрнекілік стратегиялары
  • Венн диаграммасы
  • «Торлы талқылау» әдісі
  • Шығармашылық тапсырмалар

Дереккөздер

Оқулық

2-сынып «Ана тілі» оқулығы: Б. Т. Қабатбай, С. Р. Рахметова, П. Қ. Жаманқұл.

Қосымша материалдар

Ғаламтор деректері; «Бастауыш мектеп» журналы материалдары.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Мазмұнды суреттер
  • Флипчарт және т.б.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың басы

  1. 1 Сабақты позитивті көңіл күймен бастау.
  2. 2 Оқушыларды топқа бөлу, топ ережелерін еске түсіру.

II. Қызығушылықты ояту

Мотивация және белсендіру

  1. 1 Видео/дыбыс арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
  2. 2 «Ойлан, тап!» ойыны: «Кім қанша құс біледі?»
  3. 3 Жұмбақ-өлеңді мәнерлеп оқып, шешуін табу.
  4. 4 Слайд арқылы құстар туралы қысқаша мәлімет беру.

III. Мағынаны ашу

Кітаппен жұмыс

Тапсырмалар:

  1. 1 Мысалды рөлге бөліп оқыту (автор, түлкі, тиін).
  2. 2 Мысалдың толық мазмұнын әңгімелету.
  3. 3 Сөздік жұмыс: мағынасы қиын сөздерді түсіндіру, қолдану.
  4. 4 Мысал бойынша сұрақтар қою және жауап алу.

IV. Ой қозғау

Проблемалық сұрақ және талқылау

Проблемалық сұрақ

«Құрт жеген соң гүліңді, Жұрт не қылсын үніңді», — деп айтқан кім? Неліктен?

Талқылау

«Торлы талқылау» әдісі арқылы пікір алмасу, дәлел келтіру.

Сергіту сәті

«Ұшты-ұшты» ойыны арқылы белсенді қимыл-қозғалыс ұйымдастыру.

V. Ой қорыту

Салыстыру және дәлелдеу

Тапсырма: Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерді/ұғымдарды салыстыру.

VI. Түйінді ой

Қорытынды тұжырым

Шығармашылық стратегиясы арқылы негізгі ойды жинақтау, адамгершілік құндылықтарын өмірлік жағдаяттармен байланыстыру.

VII. Кері байланыс

Рефлексия парағы

1) Сабақта не істедік?

Негізгі әрекеттерді қысқаша тізіп жазады.

2) Сабақта не үйрендік?

Түсінген ұғымдар мен дағдыларды атап өтеді.

3) Қандай сұрақтарың бар?

Түсінбеген тұстарын немесе қызықтырған ойларын жазады.

VIII. Бағалау

Қорытындылау

Сабақ қорытындыланып, оқушылар критериалды бағалау жүйесі бойынша бағаланады.