Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар

Викториналық сайыс

«Қазақ хандығына 550 жыл» викториналық сайысы

Викторина — әртүрлі білім саласы бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беруге негізделген ойын түрі. Бұл формат білімге құштар оқушылардың ойлауын шыңдап, жылдам жауап беруге, дәлелдеуге және талдауға үйретеді.

Мақсаты

Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы бір тудың астына жинап, 1465 жылы Шу өзені бойында Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, оқушылардың хандық тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру және тарихи сананы нығайту.

Күтілетін нәтижелер

  • 1) Тарихи түсінік қалыптастыру

    Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.

  • 2) Талдау және болжау

    Алған білімді саралап, талдау арқылы өзгерістерді анықтап, болашақты бағдарлай алады.

  • 3) Сын тұрғысынан ойлау

    Дәлелге сүйеніп, ой қорытуға және пікірін негіздеуге дағдыланады.

  • 4) Шешім қабылдау

    Өз бетінше шешім қабылдап, дәлел келтіріп, қорытынды жасай алады.

Көрнекілігі

  • Безендірілген сынып
  • Нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар
  • Әр топқа даярланған үстел
  • Слайд-шоу

Түрі

Топтық сайыс.

Негізгі ой

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — тәуелсіздікке жеткізген бабалар рухына тағзым, ал тарихты тану — бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі.

Барысы

I. Ұйымдастыру сәті

Армысыздар! Бүгін «Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл» атты викториналық сайысты тамашалауға келген қонақтар мен оқушыларға қош келдіңіздер дейміз.

1465 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу мен Талас өзендерінің аралығына қоныстанып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан мәлім. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған тайпалар түгел жиналып, хандықтың іргесін бекітті.

Одан кейін тағдыр талай сынаққа салды: ғасырлар бойы елдік пен ерлік таразыға түсті, сан түрлі нәубеттен өттік. Алайда «мың өліп, мың тірілген» халық ақырында азаттығына жетті. Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық жолында тер төккен бабаларға деген құрмет.

Өлең жолдары

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу — жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында.

Тарихи дата туралы еске салу

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыз ұлықталатын жыл екенін атап өтті. Сол жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кеңінен атап өтілді.

Осыған орай, мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары қатысатын сайысымызды бастаймыз.

I. «Сені көргеніме қуаныштымын…» жаттығуы

Мақсаты

Қатысушылардың жағымды қырларын байқау және бір-біріне қолдау білдіру мәдениетін қалыптастыру.

Өту барысы

Әр қатысушы көршісіне: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі…» деп айтып, сөйлемді адамның сырт келбетіне емес, мінез ерекшелігіне қатысты сөздермен аяқтайды.

Талқылау сұрақтары

  • Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
  • Көршіңіз «Мен сені көргеніме қуаныштымын» дегенде, қандай сезімде болдыңыз?

II. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Ереже

  • Топ басшылары ортаға шығады.
  • Барлығы 10 сұрақ қойылады.
  • Жауап жылдам беріледі.
  • Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

Сұрақтар

  1. 1. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар кімдер?
  2. 2. Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірге көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы қандай?
  3. 3. Қазақ хандығы қашан және қай жерде құрылды?
  4. 4. Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс, жер бөліп берген Моғолстан ханы кім?
  5. 5. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай хандықтан бөлініп шықты?
  6. 6. Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма қалай аталады?
  7. 7. Қазақ хандығының алғашқы территориясы қай аймақтарды қамтыды?
  8. 8. Жәнібек ханнан кейінгі Қазақ хандығының үшінші ханы кім?
  9. 9. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болған қала қайсы?
  10. 10. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы кім?