Электронды оқулықпен жұмыс Байлық пен ақыл ертегісін тыңдату

Сабақтың тақырыбы: «Байлық пен ақыл» (ертегі)

Сынып

2-сынып

Ойлау деңгейлері

Білу және түсіну

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2

2.2.6.1 — кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Сабақтың мақсаты

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Ертегінің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын түсінеді.
  • «Ақыл» және «байлық» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
  • Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды.
  • Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар әр сөзге мағына береді, ойын толық жеткізеді.

Пәндік лексика және терминдер

Байлық
богатство
Мұрагер
наследник

Талқылауға арналған сұрақтар

Байлық дегеніміз не?

Денсаулық дегеніміз не?

«Денсаулық — зор байлық» дегенді қалай түсінесің?

Ақылды болу үшін не істеу керек?

Бұған дейін меңгерілген білім

«Аңқау арыстан» (ертегі).

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Амандасу сәті

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!

Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін бір-біріне мадақтау сөздерін айтады.

  • Мысалы: «Айым, сен айдайсың!»
  • Мысалы: «Азамат, сен ақылдысың!»

Әшекей бұйымдар арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

  1. 1) Үй тапсырмасын тексеру

    Оқушылардың алдыңғы тапсырмасы сұралады, қысқаша талқыланады.

  2. 2) Сұрақ-жауап

    Балалар, біз жан-жануарлар туралы және қиял-ғажайып ертегілермен таныстық. Біз қай ертегі түрімен таныспадық? (Шыншыл ертегі)

  3. 3) «Ой шақыру» әдісі

    Төмендегі сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа жетелейміз:

    • Байлық дегеніміз не?
    • Денсаулық дегеніміз не?
    • «Денсаулық — зор байлық» дегенді қалай түсінесің?
    • Ақылды болу үшін не істеу керек?
  4. 4) Электронды оқулықпен жұмыс

    «Байлық пен ақыл» ертегісін тыңдау және қысқаша мазмұнын талқылау.

  5. 5) Оқулықпен жұмыс (№1)

    Дескриптор

    • Ертегіні іштей және тізбектей оқиды.
    • Түсініксіз сөздерді түртіп алады.

    «Байлық пен ақыл» (ертегі) — жүктеу.