Өсімге қол жайды, Тай алып серкешке
Абай Құнанбаев
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.
Анттасып алқайды
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.
Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.
Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап - дайын көрмеске.
Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.
Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.
Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.
Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.
Таласып тарқайды
Ақшадан төрт - беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.
Әсемдік әлемінде халық даналығы
Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
Жылқыларды параскаридозға қарсы емдеу
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
Қазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастыра отырып өзін-өзі танумен байланыстыру
Теңге тарихы
Цирк өнері
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы туралы
Балқаштың экологиялық ахуалы
Сақ тайпалары
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Ландшафттың экологиялық қасиеттері
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
Әлеуметтік бағдарланған рынок концепциясыны жобаның себебі және әр түрлі елдердегі қолдану салдары
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы