Бастауыштар кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ тақырыбы

Бастауыш

Сілтемелер

  • 3-сынып «Қазақ тілі» оқулығы
  • Интернет материалдары

Мақсаты

Сөйлем мүшесі бастауыш туралы түсінікті тереңдету, оның грамматикалық белгілерін меңгерту және оқушылардың өз бетінше ізденуіне, ойлау қабілетін дамытуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

  • A Бастауыш туралы біледі және түсінеді.
  • B Бастауышты сөйлем ішінен ажыратып айта алады.
  • C Сөйлемнің бастауышын анықтап, оның қызметін түсіндіре алады.

Сабақ барысы

I. Кіріспе

2 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сыныппен сәлемдесіп, оқушыларды қызыл және көк түстер арқылы топтарға бөлу.

Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

II. Тұсаукесер

5 минут

«Серпінді сауал» әдісі арқылы өткенді еске түсіру:

Сұрақ:

Балалар, өткен сабағымызда не туралы айтқан едік?

Жетелеу:

Бүгін сөйлемнің негізгі мүшелерінің бірі — бастауышпен танысып, оның қызметін түсінеміз.

III. Негізгі бөлім

10 минут

Топтық жұмыс

Әр топқа оқулықтың 64-бетіндегі жаттығуларды орындау тапсырылып, флипчартқа қорытынды шығару ұсынылады.

1-топ

22-жаттығу

2-топ

23-жаттығу

Бағалау

Топтық жұмысты «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Негізгі қорытынды (ережe)

Бастауыш дегеніміз:

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөз.

Бастауыштың сұрақтары:

кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?

Жеке жұмыс

Әр оқушыға жұмбақты оқып, оны жатқа жазу және шешуін табу тапсырылады.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

АКТ тапсырмасы: «Адасқан бастауыштар»

АКТ көмегімен «адасқан» бастауыштарды өз орнына қойып, сәйкестендіру.

Мысал

  • Арыстан — боздайды

  • Бота — мөңірейді

  • Жылқы — ақырады

  • Қой — кісінейді

  • Сиыр — маңырайды

Тапсырма: жануар атауларын тиісті дыбыстау етістіктерімен дұрыс сәйкестендіріп, бастауышты табу.

Шығармашылық тапсырма: «Бес жолды өлең»

Әр топқа берілген сөздер бойынша бес жолды өлең құрастыру тапсырылады.

1-топ

Қоян

2-топ

Мысық

Кеңейтілген тапсырма

  1. 1 Өлеңді оқып, көшіріп жазу.
  2. 2 Бастауышты тауып, астын сызу және сұрақ қою.
  3. 3 Өлең мазмұнына сай мақал жазу.
  4. 4 «Қой» сөзін топтастыру (кластер құру).

IV. Қорытынды

Кері байланыс

Оқушыларға кері байланыс парағын толтыру ұсынылады.

Рефлексия

Оқушылар өзін-өзі «Блоб ағашы» әдісі арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасы

65-бет, 28-жаттығу

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!