Ана тілін құрметтемеу - ана сүтін ақтамау
Сабақтың мақсаты
- Мемлекеттік тілді құрметтеу: қазақ тілін қадірлеуге, өз бетімен ізденуге және ойын ашық, дәл жеткізуге үйрету.
- Қызығушылық пен тыңдау мәдениеті: қызығушылықты арттыру арқылы тыңдау қабілетін дамыту.
- Патриотизм мен тілге сүйіспеншілік: қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, ана тілін сүйіп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Пікірсайыстың құрылымы
I. Кіріспе
- 1. Екі фракцияда да үш спикерден болады.
- 2. Әр фракция спикерлері өздерін таныстырады.
II. Негізгі бөлім
- 1. Спикерлер аргумент, дәлел, мысал және статистикалық мәліметтер келтіреді.
- 2. Әр фракция өз ұсыныстары мен толықтыруларын ұсынады.
- 3. Фракциялар бір-біріне сұрақ қояды.
III. Қорытынды
- 1. Сарапшылар сараптамаларын айтады, төрешілер жиналған дауыстарды жариялайды.
- 2. Жалпы қорытынды жасалады.
Ережелер
- Бос айтыс-тартыстан аулақ болу.
- Сыпайы сөйлеу, сөз мәдениетін сақтау.
- Мысқылға құрылған сұрақ қоюға болмайды.
- Қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
- Қосымша сұрақтарға дайын болу.
- Жеңілсең, өзгеден кінә іздемей, кемшілікті өзіңнен іздеу.
Кіріспе сөз және таныстыру
Мұғалімнің пікірі
Тіл — адамдардың қарым-қатынас жасауы мен мәдени дамуының негізгі құралы. Тіл мәдениеті тек сыпайылықпен шектелмейді: ол — ойдың ұқыптылығы, сөз саптаудың шеберлігі, сөйлеуге машықтану және сауаттылық.
Жүргізушінің нұсқауы
Енді бірінші бөлімге кезек берейік — таныстыру. Әр топқа берілетін уақыт: 1 минут.
Жақтаушы жақ (Парасат тобы)
- •Өтепова Эльнара
- •Кенжеғалиев Таңат
- •Сариева Гүлназ
Қарсы жақ (Ақиқат тобы)
- •Хайрушева Әсемгүл
- •Акишев Абай
- •Абатова Аршат
Таныстыру аяқталған соң негізгі кезең басталады: оқушылар өз пікірін білдіреді, дәлелдейді, қажет болған жағдайда фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы және қарсы топ спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен сөйлейді. Берілетін уақыт: 2 минут.
Негізгі кезең: аргументтер
1-спикер (Парасат)
Тақырыптық ұстаным: ана тілін құрметтеу — ұлттың тірегі
Біздің қарар: «Ана тілін құрметтемеу — ана сүтін ақтамау».
Біздің анықтамамыз бойынша, ана тілі мен ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан толық мағынасында егемен бола алмайды.
Дәлел:
Тіл — ұлттың тірегі. Бұл теңеу тек адамдық парыздан ғана емес, мемлекет алдындағы жауапкершіліктен де туындайды. Әр азамат өз елінің көркеюіне, өсіп-өркендеуіне, өркениетті елдер қатарына қосылуына қызмет етуі тиіс. Тілді әлсіретуге жол бермеу — ұрпақ алдындағы аманат. Ана тілін құрметтемеу — ана сүтін ақтамаумен пара-пар.
Өлең жолдары (Құрмен Малдыбаев):
Жете алмадым ұшығына қиялдың,
Ұлт тағдырын мен есіме жиі алдым.
Қазақ тілін қазақ ұқпай тұрғанда,
Бөгде жұрттан бетім күйіп ұялдым.
1-спикер (Ақиқат)
Қарсы уәж: заман талабы және мүмкіндіктер логикасы
Аргумент: «Ана сүтін ақтау — ана үмітін ақтау».
Сіздің «Ана тілін құрметтемеу — ана сүтін ақтамау» деген ойыңызбен толық келіспеймін. Қоғам өзгерген сайын талап та өзгереді: жұмыс орындарында ағылшын тілі сұралып жатса, адам бәсекеге қабілетті болу үшін сол ағысқа бейімделуге мәжбүр.
Ана сүтін ақтау деген — ана үмітін ақтау. «Табысы жоғары, жақсы жұмыс болса болды» деп ойлайтындар аз емес. Сондықтан қазақ тілін білмейтін адамдардың «болашағы жоқ» деп кесіп айту дұрыс емес.
Өйткені мемлекеттік тілді жетік меңгермесе де, түрлі лауазымды орындарда отырған адамдар кездеседі — бұл да қоғамдағы қайшылықты шындық.