Ньютон биномы

Сабақтың тақырыбы

Ньютон биномы.

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылар Ньютон биномының формуласын түсініп, биномдық коэффициенттердің мағынасын ашып, оны есеп шығаруда қолдануды үйренеді.

1

Білім берушілік мақсат

  • (x + a)n түріндегі өрнекті n — кез келген натурал сан болғанда — екімүшені n дәрежеге шығару формуласымен таныстыру.
  • Биномдық коэффициент ұғымын енгізу және Ньютон биномының қосылғыштарға жіктелу формуласы екенін дәлелдету.
  • Ньютон биномының негізгі қасиеттерін меңгерту және бином формуласын қолданып есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
2

Дамытушылық мақсат

  • Оқушылардың ықтималдық теориясы мен комбинаторика бойынша алған білімдерін кеңейту.
  • Орналастыру, алмастыру және теру ұғымдарын есептерді шешуде тиімді қолдана білу дағдыларын дамыту.
3

Тәрбиелік мақсат

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру және дәлелдеп сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ізденіске және бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.