Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі
Жаса, жайна, аналар!
Сенен өскен балалар — батырлар мен даналар. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аналар!
Бәрімізге анасыз: біз үшін күн болып жанасың. Құтты болсын мейрамың, құттықтаймыз, аналар!
Бүгінгі көктем мерекесі — Аналар мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осындай ізгі тілектермен «Жаса, жайна, аналар!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Мерекелік бағдарлама
Бұл мәтін — аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценарийі: өлең, ән, би, ойын және қойылымдар арқылы ананың мейірімі мен отбасының берекесі дәріптеледі.
Ән
Тақпақтар
Азат
Еркелесем — күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Асылым
Ақ жүректе сақтаған
Жарқын күлкің — бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші, ақ мамам.
Медина
Қамқоршы боп жүресің,
Маңдайымнан сүйесің.
Суға түсіп, отқа да
Бір мен үшін күйесің.
Би
Ана мейірімі — өмірдің тірегі
«Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме, жан ботасын сағынғанды аруана» — дегендей, ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі. Тіпті жан-жануарлар да төлін мейіріммен қорғайды.
Енді құрметті қонақтар, «7 лақтың анасын құттықтауы» қойылымын тамашалайық.
Қойылым: «7 лақ, қасқыр және аю»
(Лақтар анасымен бірге әсем әуенмен сахнаға шығады.)
Анасы
(Ән айтып береді.)
Лақтар
(Анасын шығарып салып, әндетеді.)
Лақ: Бауырларым, анамызға арнап ән салайық.
Көрініс
Лақ: Осыныша көп ойнадық, қасқыр берер жазаны. Көз салыңдар жыраққа — анау екі шыраққа!
Лақтар: Ойбай, қасқырдың өзі ғой, оттай жанған көзі ғой. Бір бәлені сездік қой, қашайық тезірек!
Қасқыр
Қасқыр, қасқыр, қасқырмын — бәріңді де састырдым.
Бүгін менің қарным аш, ұстап жеймін, қане қаш!
Кім қатты өлең айтып, маған ұйқы бермеді?
Тәтті иіс шығып тұр ғой! Бұл не?
(Үстелге жақындайды.) Картоп қосылған бәліш, құлпынай тосабы, тәтті шай!
Бүгін кімнің туған күні?
Лақтар
Қасқыр, сен білмейсің бе? Бүгін — аналарымыздың мейрамы!
Қасқыр
Қазір сендерді аналарыңмен қоса жеймін. Сосын бәліш, тосап — міне, керемет!
Лақ
Бауырларым, саспаңдар, жеке-дара қашпаңдар. Айласын тауып, бірігіп қасқырды жеңеміз!
Лақтар (бірлік туралы)
Бірлік жасап келеміз, күш — бірлікте, сенеміз.
Мүйізбен бір түйреп, сыбағаңды береміз!
Аю
Қонақ шақырдыңдар ма? Мен келдім. Жазда жинаған балымды ала келдім. Сендер кімнен қорқып тұрсыңдар?
(Қасқырды көріп.) Сен неғып жүрсің бұл жерде? Саған барлық есік жабық екенін білесің бе? Көзіме көрінбе!
Қасқыр
Жеке-жеке кездессең — жемек түгелі асармын. Ал қазір мен асығыспын. Сау болыңдар, кете берейін.
(Қасқыр кетеді.)
Анасы
Лақтарым, шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым! Көздерің неге үрейлі? Мен жоқта әлгі сұм қасқыр келіп қорқытты ма?
Лақтар
Анашым, біз қасқырға лайықты жазасын бердік!
Аю
Бұл жерге қасқыр енді жоламайтындай болды.
Қасқыр (қайта келеді)
Мен сендермен достасуға келдім. Мен де аналар мерекесін тойлауға келдім.
Ойын
«Қасқыр мен лақтар»
Қасқыр: Ой, мына лақтар шапшаң екен. Ендеше бәріміз дос болайық. Енді сендерге тимеймін, лақ етін жемеймін.
Балалардың аналарына арнауы
Жансерік
Бүгін — наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның —
Анаға айтар лебізі.
Алихан
Ананың біз — гүліміз,
Ана — біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айжамал
Мерекеңмен өзіңді
Құттықтайды балаң.
Арнап айтқан әнімді
Қабыл алшы, анашым.
Айназ
Из цветной бумаги
Вырежу кусочек.
Из него я сделаю
Маленький цветочек.
Мамочке подарок
Приготовлю я —
Самая красивая
Мама у меня!
Айару
Яблочко румяное
Есть одна не стану я.
Половинку яблочка
Дам любимой мамочке!
Көктемді қарсы алу
Қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер қылтияды. Адамдарға қуаныш сыйлайтын — сиқырлы көктем. Ендеше мерекеге Көктемді шақырайық.
Көктем
Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін,
Өйткені мен — көктеммін.
Барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Ойын
«Сәнді аналар»
Тағы да жылы сөздер
Мадияр
Тыным таппай күнімен,
Ұйқы көрмей түнімен,
Бар жұмысты тындырып,
Бірге ойнайсың менімен.
Адина
Сенсің, ана, жан күші,
Сендей болсын бар кісі.
Сендей болсын бар кісі —
Шексіз перзент алғысы.
Сардар
Сеніміңді ақтайды
Еркелеткен балаң.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы, анашым!
Самира
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балбыратып тәніңді.
Айзере
Менің әжем — ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең —
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем.
Қорытынды тілек
Аяулы да алтын нұрлы анашым, жүрегіммен мәңгі бірге боласың. Сен асқарсың, сен аспансың — биіксің. Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.
Осымен бүгінгі шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Отбасыларыңыз аман болсын, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Балалардың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар.