Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Сабақтың тақырыбы

Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың бата туралы алған білімдерін толықтыру.
  • Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев туралы түсінік беру, өлеңнің негізгі идеясын ашып, мағынасын түсіндіру.
  • Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Міндеттері

1) Түсіну және дербес жұмыс

Өлеңдегі ойды түсініп, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасау.

2) Ізденіс және дағды

Тақырыпқа байланысты жүйелі іздену, бата түрлерін ажырату, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру.

3) Тәрбие

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, әңгімелеу, ізденіс сабағы, сатылай кешенді талдау, жинақтау.

Көрнекіліктер

Суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын дайындау.

2) Психологиялық көңіл күй

Ардақта тіліңді!

Ардақта тіліңді,

Ал одан — біліміңді.

Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды.

Тіліңсіз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралар ұсынылады. Өздеріне ұнаған түсті таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді: қызыл, көк, сары, жасыл.

3) Өткенді қайталау (сұрақ–жауап)

Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?

Жауабы: 42 әріп, 40 дыбыс.

Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не?

Жауабы: әріпті көреміз, жазамыз; дыбысты естиміз, айтамыз.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жауабы: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Жуан дауысты дыбыстар

Жауабы: (а, о, ұ, ы)

Жіңішке дауысты дыбыстар

Жауабы: (ә, е, ө, і, ү)

4) Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа тақырып: жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Сонымен қатар «Ақсақалдың ақ батасы» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Дауысты дыбыстар өзара ұқсас дыбысталып, жұп құрайды:

а — ә о — ө ы — і ұ — ү

46-жаттығу

Сөздерді салыстырып оқыңдар:

Жұп

сан — сән

Жұп

от — өт

Жұп

ыс — іс

Жұп

ұн — үн

Жұп

нан — нән

Жұп

боз — бөз

Жұп

тыс — тіс

Жұп

тұс — түс

Талқылау сұрақтары

  • Сөздің жуан немесе жіңішке айтылуы неге байланысты?
  • Осы мысалдардан қандай ереже шығаруға болады?

Ереже

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Ал сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.

Топтық жұмыс: төрт топ жуан дауыстыларға мінездеме береді.

1-топ

«Сан» сөзіндегі жуан дауыстыға мінездеме бер.

2-топ

«От» сөзіндегі жуан дауыстыға мінездеме бер.

3-топ

«Ыс» сөзіндегі жуан дауыстыға мінездеме бер.

4-топ

«Ұн» сөзіндегі жуан дауыстыға мінездеме бер.

5) Сергіту сәті

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз.

Бар әлемнің баласын

Құрметтейік біз.

6) Дәптермен жұмыс

47-жаттығу

Тапсырма 1

Жаңылтпашты тез әрі дұрыс оқы.

Тапсырма 2

Сөздердегі ә дыбысының астын сыз.

Мәтін

Дәндәулет,

Дәулетдән.

Сәнсәулет,

Сәулетсән.