Қасқыр қорқар папамнан
Ескен Елубаевтың өлеңі
Шығып алып інінен,
Ұйқы бермес түнімен,
Тышқан түнде жортады,
Ол мысықтан қорқады.
Ең күшті де қайратты,
Тарғыл мысық айбатты
Күншуақтап жататын,
Тәтті ұйқыға бататын,
Мысық
Иттен тайсақтап,
Шеттеп жүрер жан сақтап.
Ең күшті де қайратты,
Қабаған ит айбатты.
Кеміріп боп сүйегін,
Әуп , әуп етіп үреді.
Арлан ит те
Қасқырдан
Айбынып – ақ жүреді.
Ең күшті де қайратты,
Көкжал қасқыр айбатты.
Қасқыр түнде қаңғиды,
Қой, қозыны аңдиды.
Құлқыны үшін жапаннан.
Қасқыр қорқар папамнан.
Ең қайратты білекті
Папам менің жүректі.
Папама үй ішінде,
Жөн - жосықсыз ісіне,
Мамам ұрсып тастайды,
Папам аузын ашпайды.
Ең жүректі, қайратты,
Мамам менің айбатты.
Мамамды өзім ақыры,
Санап тұр ем батыр деп
Қоя берді ол бақырып,
Тышқан келе жатыр ,- деп
Қолыңдағы кесе де
Ұшып түсті быт - шыт боп
Бір – ақ қарғып төсекке
Шығып кетті ыршып кеп.
Сонда батыр кім десең,
Мен айтайын білмесең:
Батыр емес мамамда,
Батыр емес папам да.
Ең батыр да қайратты,
Тышқан екен айбатты.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері
Ертегілер жайлы түсінік
Қабдоловтың аудармалары және аударма туралы ой-пікірлері
Батырлар жыры мен «Шаһнама» дастанындағы тақырып үндестігі
Тұрмағамбет !зтілеуовтің өлеңдері мен айтыстары
МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРМЕН АРАЛАСУДАҒЫ ӘДЕПТЕР
Түс көру мотивінің түзілуі
Ақан Қорамсаұлы (1843-1913)
Ұлтым деп өсу
Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады
Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты
Қасқыр - қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің
Қасқыр біздің қасымыз, бүгін жейтін асымыз
Қасқыр кейіп
Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты
Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты
Жолда оған қасқыр кездесіп
Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты
Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: - Ей, күшік, мен сені жеймін