Қызықты сұрақтар
Сабақ тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты
Сынып оқушыларының білімі мен алғырлығын пәндер бойынша викториналық сұрақтар арқылы анықтап, білімді, алғыр және үздік сыныпты айқындау.
Сабақ түрі мен тәсілдері
- Түрі
- Дәстүрлі емес, сайыс сабағы.
- Әдіс-тәсілдер
- Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс.
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта, слайдтар.
Өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен қонақтар! «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Кіріспе сөз
К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді: «Мен адамға: өзіңе сен, сенің қолыңнан бәрі келеді!»
Ана тілі — қазағымның қаймағы,
Тілің — сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырамыз (әділқазыларды таныстыру).
Енді сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстырады.
Сайыс кезеңдері (ұпай бойынша)
1-кезең: Қызықты сұрақтар
10–60 ұпай-
10 ұпай
1-ден 100-ге дейінгі сандардың ішінде 9 саны қанша рет кездеседі?
Жауабы: 10
-
20 ұпай
Мысық пешке тығылса, не болады? (Ауа райына қатысты)
Жауабы: Аяз болады
-
30 ұпай
Қысты күні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса…
Жауабы: Аяз болады
-
40 ұпай
Жарыс кезінде сіз екінші болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Қазір нешінші орындасыз?
Жауабы: Екінші орында
-
50 ұпай
Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1) Чача 2) Чече 3) Чичи 4) Чочо. Бесінші қызының аты кім?
Жауабы: Мэри
-
60 ұпай
1000 санына 40 қосыңыз. Тағы 1000 қосыңыз. 30 қосыңыз. Тағы 1000 қосыңыз. 20 қосыңыз. Тағы 1000 қосыңыз. Соңында 10 қосыңыз. Қандай сан шықты?
Жауабы: 4100
2-кезең: Тұлғалар (қазақ тілі мен әдебиеті)
10–60 ұпай-
10 ұпай
Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған композитор кім?
Жауабы: Ш. Қалдаяқов
-
20 ұпай
ҰОС-қа қатысып, ерлікпен қаза тапқан шығыстың қос жұлдызы кімдер?
Жауабы: Әлия мен Мәншүк
-
30 ұпай
Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі — көк туымыздың авторы кім?
Жауабы: Шәкен Ниязбеков
-
40 ұпай
Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?
Жауабы: Н. Назарбаев
-
50 ұпай
«Жаздыгүн шілде болғанда, / Көкорай шалғын, бәйшешек...» өлеңінің авторы кім?
Жауабы: А. Құнанбаев
-
60 ұпай
Музыкалық сұрақ: мына әнді орындаған әнші кім?
Жауабы: Р. Рымбаева
3-кезең: Салт-дәстүрлер
10–60 ұпай-
10 ұпай
«Базарлық» дегеніміз не?
Жауабы: Алыс сапардан келген адам туыстарына, достарына, көршілеріне ірілі-ұсақты сыйлық әкеледі.
-
20 ұпай
«Сыбаға» деген не?
Жауабы: Сыйлы адамға тартылатын табақ
-
30 ұпай
Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген киімі қалай аталады?
Жауабы: Жаялық
-
40 ұпай
«Тұсаукесер» қандай ғұрып?
Жауабы: Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
-
50 ұпай
Наурыз көже неше түрлі дәмнен тұрады?
Жауабы: 7
-
60 ұпай
Сурет бойынша сұрақ: қандай салт-дәстүр орындалып жатыр?
Жауабы: Беташар
4-кезең: Ақын-жазушылар
10–60 ұпай-
10 ұпай
«Кеңсің, дала — туған ана, / Көйлегің кең, көк ала…» — кімнің өлеңі?
Жауабы: С. Сейфуллин
-
20 ұпай
«Баланың айласы» шығармасының авторы кім?
Жауабы: Ы. Алтынсарин
-
30 ұпай
«Ой, балалар, балалар! / Жылы-жылы жел соқты, / Жылғалардан су ақты, / Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті…» — өлеңнің авторы кім?
Жауабы: І. Жансүгіров
-
40 ұпай
М. Әуезовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
Мысал жауап: «Боран», «Әнек арманы»
-
50 ұпай
«Күлпаш» әңгімесінің авторы кім?
Жауабы: Б. Майлин
-
60 ұпай
«Сансыз көкек сұңқылдап, / Көктем келді ертелеп…» — өлеңнің тақырыбы қалай аталады?
Жауабы: «Көктем»
5-кезең: Жұмбақтар
10–60 ұпай10 ұпай
Түнде жортады, жарықтан қорқады.
Жауабы: Жарқанат
20 ұпай
Бұл кім?
Жауабы: С. Сейфуллин
30 ұпай
Сиырдың пірі кім?
Жауабы: Зеңгі баба
40 ұпай
Жылдан құр қалған жануар қайсы?
Жауабы: Түйе
50 ұпай
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
Жауабы: Т. Әубәкіров
60 ұпай
Кино үзіндісі бойынша сұрақ: негізгі мағынасы қандай?
Жауабы: Қайырымдылық
Қорытынды
Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі: қазылар шешім шығарып, жеңімпаз топты анықтайды.
Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!