Paint шыңы ойыны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 орта мектеп. Информатика пәні мұғалімі: Қаман Күлмараш Болатқызы. Пәні: Информатика, 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы
«Paint шыңы» ойыны
Технология
Модульдік
Сабақтың түрі
Практикалық сабақ, топтық жұмыс
Сабақтың типі
Білімді бекіту және пысықтау
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, қисынды ойлау, ойын әдісі
Көрнекіліктер
«Paint шыңы» ойынына арналған материалдар, презентация
Ойынның мақсаты
1) Білімділік
Тарау бойынша алған білімді қолдана отырып, қойылған мақсатқа жетуге дағдыландыру; білім мен дағдыны арттыру; оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
2) Дамытушылық
Графикалық редактордың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы шығармашылық қабілеті жоғары, дербес тұлғаны дамыту.
3) Тәрбиелік
Тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа, алған білімді өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты екі топқа бөлу.
- Әр топ өз атауын таңдап, топ басшысын бекітеді.
- Ойын PowerPoint-та жасалған презентация арқылы компьютерде жүргізіледі.
2) «Paint шыңы» ойыны
Гейм 1: «Кім жылдам» (тест)
Екі команда презентациядағы тест сұрақтарына жылдам жауап береді.
- Paint графикалық бағдарламасы не үшін қажет?
- Терезе элементтерін атаңыз.
- Фондық түсті қалай таңдаймыз?
- Сызықтың қалыңдығы қалай таңдалады?
- Үнсіз келісім кезінде кескін және фондық түс қандай болады?
- Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға бола ма?
- Салынған суреттің көшірмесін қалай аламыз?
- Буферден сурет енгізілгенде, ол редактор терезесінің қай жеріне орналасады?
- Суретті баспаға шығару әрекеті қалай орындалады?
- Графикалық редакторда салынған суретті жұмыс үстеліне орналастыруға бола ма?
Гейм 2: «Бой сергіту» (сұрақ-жауап)
Команда мүшелері екі жаққа бөлініп отырады. Сұрақтарға жауап береді, ал қарсы топ жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша тексеріп отырады. Дұрыс жауап саны көп команда жеңеді.
А тобының тапсырмалары
- «Орындатпау» (болдырмау) командасы қалай орындалады?
- Суретті дискідегі файлға не үшін сақтау қажет?
- Paint құжатын алғаш рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?
- Объектіні көшіру үшін қандай әрекеттер жасалады?
- Масштабты қалай үлкейтеміз?
- Суретті сақтағаннан кейін оны жұмыс үстеліне қалай шығарамыз?
В тобының тапсырмалары
- Орындалған әрекетті қалай кері қайтаруға болады?
- Paint құжатын қайта сақтау кезінде қандай команданы орындау қажет?
- Суретке мәтін жазу үшін қандай әрекет орындаймыз?
- Объектіні жылжыту үшін қандай әрекеттер қажет?
- Масштаб үлкейтілгеннен кейін оны қалай қалпына келтіреміз?
- Суретті басып шығару үшін қандай команда орындалады?
Гейм 3: «Paint шыңы» (практикалық жұмыс)
Команда мүшелері компьютерде жұмыс істейді. Үш геймнің қорытындысы бойынша ұпайы жоғары қатысушылар «шыңға» көтеріледі. Әр оқушыға жеке баға қойылады, жалпы ұпайы көп команда жеңімпаз атанады.
А тобы
А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін тыңдап, Paint бағдарламасында тақырыпты ашып, соған сәйкес сурет салу.
В тобы
«Жазғытұрым» өлеңін тыңдап, Paint бағдарламасында тақырыпты ашып, соған сәйкес сурет салу.
3) Шығармашылық жұмыстарды қорғау
Шығармашылық жұмыспен айналысқан оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, орындалу барысы мен қолданған құралдарын түсіндіреді.
Үй тапсырмасы
Paint графикалық редакторы бойынша сынаққа дайындалу.
Бағалау
Оқушылар бағалау критерийлері бойынша бағаланады.