Сиқыршылардың аттары
Сабақ паспорты
Бағыты мен бөлімі
- Білім беру саласы
- Қатынас, шығармашылық
- Бөлімі
- Тіл дамыту, сурет салу
- Тақырыбы
- «Қыс қызығы»
- Технология
- ТРИЗ
Мақсаты
Балалардың шығармашылығын дамыта отырып, картина бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері
- Картинадан нақты нысанды бөліп алып, оған ат қоя білуге және жұмбақтың мазмұнын ашуға үйрету.
- Монологтік тілді дамыту; бөлінген нысандарды сызба арқылы байланыстырып, солар жайлы шығармашылық әңгіме құрастыруға дағдыландыру.
- Достыққа, бір-бірін тыңдауға және мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік қор
Тіл байлығын кеңейтуге арналған сөздер мен тіркестер:
Сөздік жұмыс
аязды, сықырлайды, боран, тайғақ, жылтыр
Билингвальды компонент
Қыс мезгіліне қатысты сөздерді екі тілде бекіту:
- қыс қатты
- железная зима
- аязды
- морозная
- қар сықырлайды
- скрепучий снег
- жылтыр
- блестящий
- тайғақ
- скользкий
Құрал-жабдықтар
- «Қысқы ойындар» картинасы
- Нысандардың үлгілері
- Мольберт
- Сиқырлы таяқша
- Сиқыршылардың суреттері
- Сиқырлы фломастер
Дамытылатын дағдылар
Зейін, есте сақтау, байқағыштық, қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс
-
1. Бақылау
Табиғат құбылыстарын бақылау.
-
2. Иллюстрациялар
Қыс мезгілі мен қысқы ойындар туралы иллюстрацияларды қарастыру.
-
3. Көркем мәтіндер
А. Құнанбаевтың «Қыс», Н. Жанаевтың «Қыста» өлеңдерін, орыс халық ертегілерінен «Екі аяз», «Аяз» шығармаларын оқып беру.
-
4. Әңгімелесу
«Қыс келді» тақырыбы бойынша әңгімелесу.
-
5. Фольклор
Қыс туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу.
-
6. Тәжірибеден әңгіме
«Біз қыста қалай ойнаймыз?» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерінен әңгіме құрастыру.
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
«Шаттық шеңбері»
— Сәлем, Күн!
— Сәлем, Жел!
— Сәлем, Жер!
— Сәлем саған, туған ел!
Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Балалар, бүгін не туралы әңгімелесетінімізді жұмбақ шешу арқылы білеміз.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Ұйымдастыру-ізденістік кезең
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
- Дұрыс, бұл — қыс мезгілі. Неліктен «қыстың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта» деп айтады?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыс қандай болады?
- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
- Бүгін «Қыс қызығы» картинасы бойынша әңгіме құрастырамыз.
Картинамен жұмысқа кіріспе
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Оны неден байқадыңдар?
- Ауа райы қандай?
Назар аудару
Балалар картинадағы белгілерді (қар, киім, ойын түрлері, мұз) атап, өз ойларын дәлелдейді.
Ойын: «Дүрбі»
«Дүрбіні» қолымызға алып, картинаны мұқият зерттейміз. Бізге «Бәрін бөл» сиқыршысы көмектеседі.
Бағыттаушы сұрақтар
- Суретте кімдер және нелер бейнеленген?
- Кім қандай нысанды бөліп алады?
- Үлкендер не істеп жүр?
- Балалар не істеп жүр?
- Олар қалай киінген?
- Суретші адамдардың көңіл күйін қалай көрсеткен?
Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Ойын: «Дос іздеймін»
«Бәрін қос» сиқыршысы нысандарды бір-бірімен байланыстырып, «досын» табуды ұсынады.
Үлгі байланыстар
- бала — шана
- балалар — аққала
- бала — коньки
- үлкендер — шаңғы
- қар — ағаш
Ойын: «Картинаға ену» (сиқырлы саяхат)
Келесі сиқыршыларымыз — «Бәрін естимін» және «Бәрін қолыммен сипаймын». Олар бізді картина әлеміне «енуге» шақырады: көзімізді жұмып, сиқырлы кілемге отырып ұшамыз.
Шығармашылық тапсырма
- Не естіп тұрсыңдар?
- Не сезіп тұрсыңдар?
Сергіту сәті: «Боран»
Боран гуілдеп соғады,
Айналаны орады.
Баста — тымақ,
Үстінде — тон.
Қайсар қалай тоңады?
Аяғында — саптама,
Өзіне дәл, шақ қана.
Қолда — қамшы, астында — ат.
Мақта, мейлі, мақтама.
Қайсар бейне атамдай,
Қой қайырған шопандай.
Қайта оралу
Енді картинадан «шығып», топқа қайтатын уақыт келді: бәріміз көзімізді жұмып, сиқыршылардан бізді қайтаруды өтінеміз.
Шығармашылық қорытынды тапсырма: «Уақыт көлігімен»
«Уақыт көлігімен» сиқыршысы суреттегі бір кейіпкерді таңдауды ұсынады. Таңдалған кейіпкердің атынан: бұрын не болғанын, қазір не болып жатқанын және кейін не болатынын әңгімелеп беріңдер.
Талап
Әңгімеге ат қойыңдар және бір-біріңнің сөзін қайталамауға тырысыңдар.
Басталуы
Кейіпкерді таныстырып, қайда және қашан екенін қысқа сипаттаңдар.
Дамуы
Оқиғаны әрекет арқылы көрсетіңдер: ойын, қар, мұз, адамдардың көңіл күйі.
Аяқталуы
Соңында не болады? Қандай ой немесе әсер қалды?