Мақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсаты
Әдебиеттік оқу · 3-сынып
Сабақ жоспарлары мен тапсырмалар жинағы
Бұл материалда 3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабақтарының қысқаша, жүйеленген жоспары берілген. Мақсат — мәтінді түсініп оқу, кейіпкер әрекетін талдау, салыстыру және бағалау дағдыларын дамыту.
Формат
Жаңа сабақ · Аралас сабақ
Оқу · Түсіндіру · Сұрақ-жауап
Өлең: «Ұйқышыл»
Жаңа сабақСабақтың мақсаты
- Өлең кейіпкерінің бейнесі арқылы жаман әдеттен аулақ болудың мәнін ұғындыру.
- Бейнелі сөйлеу дағдысын жазба жұмысы арқылы дамыту.
- Ұйқышылдықтың зиянын түсіндіріп, жақсы мен жаманды салыстыру және бағалау қабілетін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер
Әдісі: оқу, түсіндіру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: суреттер.
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау, күтілетін нәтижені нақтылау.
III. Қорытынды
Сұрақ-жауап арқылы түсіну деңгейін анықтау, қажет тұстарын қосымша түсіндіру.
Жаңа білімді меңгерту
Оқу жұмысы
- Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.
- Оқушыларға тізбекпен оқыту.
- Кейіпкердің бір күндік тіршілігін сипаттату.
Талқылау сұрақтары
- Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай амал ойластыруға болады?
- Ақын кейіпкерді қандай көңіл күйде суреттеген? Дәлелдеңдер.
- Мысқыл мен күлкі ме, әлде реніш пен уайым ба?
- Ақын Мысықбайдың ұйқысын неге теңейді?
- Өлеңнің қай жолдарында Мысықбайдың мұраты айтылады? Тауып, оқып беріңдер.
Дәптермен жұмыс
1) Топтастыру
Ұйқышылдық салдарынан адамға келетін зияндарды топтастырып жазыңдар.
2) «Ұйқыашар» мысалына болжам
- Мысал кейіпкерлерін ойлап тап.
- Оқиға орнын ата.
- Мысалды күлкілі, аянышты немесе қорқынышты көңіл күйде жоспарла.
Үй тапсырмасы
Жалқаулық туралы мақал-мәтелдер тауып, дәптерге жазып келу.
Бағалау
Сабақ соңында жауаптардың дәлелділігі мен жазба жұмысының толықтығы бойынша бағалау жүргізіледі.
Ғабит Мүсірепов: автобиографиялық әңгіме
Жаңа сабақСабақтың мақсаты
- Автобиографияны түсініп оқып, сұрақтар арқылы түсінгенін тексеру; тіл белсенділігін арттыру.
- Әдебиетке қызығушылығын күшейтіп, адамгершілік пен достыққа баулу.
- Есте сақтау, оқу және жазу мәдениетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер.
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Өткенді пысықтау
Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» тақырыбы бойынша қайталау, негізгі ойды анықтау.
III. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау.
Жаңа білімді меңгерту
Қысқаша мәлімет
Бүгінгі сабақта Ғ. Мүсіреповтің өмірбаянымен танысамыз. Ғабит Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ол — халықтың тұрмыс-тіршілігін көркем суреттеген көптеген шығармалардың авторы, әңгімені шебер жазған қаламгер.
Түсіндірме сөздік
- Автобиография
- Өмірбаян.
- Тілін сындыру
- Сауатын ашу, әріп танып оқу-жазуға дағдылану.
- Қозы-лақпен етектесе отыру
- Қозы-лақпен қатар отыру.
Сабақты бекіту
Мәтіннен үзінділер тауып, жазушы өмір сүрген кезеңнің сипатын анықтаңдар.
Қорытынды сұрақтар
- «Таза қол» және «мақтаншақтық» туралы ұстаз сөзін қалай түсінесің?
- Мәтінде сені таңдандырған қандай тұс болды?
- «Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз» нақылын қай кейіпкерге айтар едің?
Бағалау
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, күнделікке бағасы қойылады.
Үй тапсырмасы
«Сауысқан мен Көкек» ертегісін оқу.
«Балалар елін бағындыру» (Н. Ақышев)
Аралас сабақСабақтың мақсаты
- Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
- Өз бетінше талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмалар орындату.
- Адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік ұғымын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер
Әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.
Көрнекілік: суреттер.
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақ: «Ұйқышыл» — мазмұнын қысқаша айтқызу, негізгі ойды анықтау.
III. Мақсат қою
Ертегі мазмұнын түсініп оқу арқылы тақырыбы мен идеясын ашу.
Жаңа білімді меңгерту: топтық жұмыс
Оқушыларға алдын ала сұрақ қойылады: «Балалар жақсы өмір сүруі үшін не керек?»
1) Ойын тобы
Ойынның пайдалы және зиянды жақтарын анықтау.
2) Еңбек тобы
Еңбектің мәнін ашу, мысал келтіру.
3) Оқу тобы
Білім алудың маңызын дәлелдеу, өмірмен байланыстыру.
4) Спорт тобы
Спорттың пайдасы және оған кедергілерді талдау.
5) Өнер тобы
Өнер түрлерін атау, қабілетті дамыту жолдарын ұсыну.
6) Кітап тобы
Неліктен кейбір балалар кітап оқымайтынын талқылау.
Жұмыс тәртібі
- Әр топ ертегі мазмұнын түсініп оқиды.
- Түсінбеген сөздерді түртіп отырады.
- Топ атауына сай ұғымның пайдалы/зиянды жақтарын жазып шығады.
- Жұмыс соңында әр топтан бір оқушы мазмұнын әңгімелейді.
- Нәтижелер тақтаға түсіріледі.
Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары
- Ойын тобы: бастапқы пікірлерің өзгерді ме?
- Еңбек тобы: балалар қандай еңбекпен шұғылданғанын қалар едіңдер?
- Оқу тобы: адам қанша жыл білім алуы керек деп ойлайсыңдар?
- Спорт тобы: спортқа кедергі болатын қандай себептер бар?
- Өнер тобы: адам қанша өнер түрін игере алады?
- Кітап тобы: кейбір балалар неліктен кітап оқымайды?
Жазылым тапсырмасы
Әр топ өз тақырыбының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3–4 сөйлем көлемінде ой-пікір жазады.
Сабақты қорытындылау
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы: әр топ өз атауына қатысты бір сөйлем айтады (мысалы: «Бала ойынмен өседі», «Адамды адам еткен — еңбек», «Спорт — денсаулық кепілі»).
Үй тапсырмасы
«Балалар елін бағындыру» мәтінін 13–14-бет бойынша оқып, мазмұндап, сұрақтарға жауап дайындап келу.
Қосымша оқу тізімі
Оқушылардың оқу көкжиегін кеңейту үшін ұсынылатын мәтіндер мен шығармалар:
Н. Айтов
- «Қағаз, Қалам және Сияның айтысы»
- «Қазан»
Өсиет пен тағылым
- «Білгеннің пайдасы»
- «Суға кеткен ғұмыр»
Ақындар шығармалары
- Қ. Ыдырысов — «Мұғалім»
- Д. Әбілдаев — «Туған тілім»
- Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым»
Күз тақырыбы
- М. Дулатов — «Күз»
- Ғ. Оралбаев — «Күз келбеті»
- Т. Жароков — «Күз»
Еңбек және дәстүр
- Ә. Табылды — «Дақылдар әні»
- «Егіншілік дәстүрі. Комбайншы»
- «Нан қайдан шығады?»
Жазба жұмыстары
- «Шығарма: Жаз»
- «Мазмұндама: Әйгерім апа»
- «Туған жер»