Ашық тест
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тақырып
- Көпшілік алдында сөйленетін сөз: 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, жинақтау, ұжымдық жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, таратпа тест парақшалары
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың негізгі мақсаты — 11-сынып оқушыларының қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық деңгейін көтеру, тест сұрақтарына жауап беру дағдыларын жетілдіру және жоғары нәтижеге бағыттау.
Білімділік
Тест тапсырмаларын шешу арқылы білімді әрі теориялық, әрі практикалық тұрғыдан тереңдету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, өз пікірі мен эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы қалыптастыру; ауызша және жазбаша түрде еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік
Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы бірлесе жұмыс істеуге баулу, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 1–2 минут.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Уақыты: 6–8 минут. Талдау — үй тапсырмасын талдау әдісі арқылы жүргізіледі.
Үй тапсырмасы: нақты сөзге дайындық және күнделікті дайындық. Тақырып — айтылар ойдың негізгі діңгегі. Ой бағыттары, таңдалатын сөздер мен көркемдегіш құралдар тақырыпты ашу мақсатына қызмет етуі керек.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Мақсатты айқындау дегеніміз не?
- Сөйлеу және ойды жеткізу бағыттарын қалай түсінесіңдер?
- Әдебиеттерді қалай таңдаймыз?
- Қалай сөйлеген жөн?
- Шешендік сөздерден бір мысал келтіріңдер.
Өткен сабақта берілген тапсырма оқушылармен бірлесе талданып, бағаланады.
Жаңа сабақ
«Кей сөздердің асыл шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар».
Көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеуден тартынудың түрлі себептері болады: сөздік қордың аздығы, не көпшілік ортада өзін еркін ұстай алмау. Дегенмен кез келген адам сөйлейтін сөзін алдын ала жоспарлайды.
Шығарма жазар алдында жоспар құрылатыны сияқты, көпшілік алдында сөйленетін сөз де әдетте кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөліктерінен тұрады.
Ертедегі билер сөз саптауын ерекше мәнерлеп, әрбір сөзге тоқтау айтып отырған. «Түгел сөздің түбі бір, сөз атасы — Майқы би» деген қанатты сөз ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келеді. Сөз — халықтың ең қымбат қазынасы.
ҰБТ-ға дайындық: әдістер мен ұйымдастыру
Енді 11 жыл бойы жинақталған білімді саралап, әрі қарай шыңдаймыз. Орыс педагог-ғалымы А. Гин өз еңбегінде «Сабақ құрастырушысы» әдістемесін ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелейді. Осы сабақта тест жұмыстарын бірнеше тәсіл арқылы орындап көреміз.
«Бағдаршам» әдісі
Әр оқушы өз дайындығын түрлі түсті қалақшалар арқылы білдіреді:
- Жасыл — дайын
- Сары — күмәнді
- Қызыл — дайын емес
Тест түрлері
Оқушыларға тапсырма беріліп, тест түрлері таратылады:
- Жабық тест
- Балама тест
- Анықтау тесті
- Тіке жауап тесті
- Ашық тест
- Сәйкестік тесті
- Толықтыру тесті
Қалған оқушыларға 25 сұрақтан тұратын тақырыптық тест таратылады.
Сабақты әдебиетпен байланыстыру: Мұқағали Мақатаев
Бұл сабақты ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен байланыстырамыз. 9 ақпан — ақынның туған күні (1931–1976). Ол Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Мұқағали үшін өлең жазудан асқан бақыт болмаған: ол өлеңмен өмір сүрді, өлеңмен өмірден өтті.
... Оятып дүниені дел-сал қылып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып, Сай-сайдан босаған бозала таң, Таудағы тіршілікке ән салдырып, Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып, Бұлбұлға, дүниеге жар салдырып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып — Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде. Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле...
Дыбыстық талдау: математикалық тәсіл
Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме жасалады. Белгілер:
о — дыбыстардың саны
□ — дауысты дыбыс
▲ — дауыссыз дыбыс
Мысал: «Аққулар» сөзі
«Аққулар» сөзінде 7 дыбыс бар: 3 дауысты, 4 дауыссыз.
7 о = 3 □ (2а, у) + 4 ▲ (2қ, л, р)
Дауыстылар — айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады.
Дауыссыздар — айтқанда ауа түрлі кедергілерге ұшырап, қысылып шығады.
Дауыстыларды сипаттау
-
а) Тілдің қатысына қарай:
3 □ = 2 □ (2а, у) — тіл арты (жуан)
Жуан дауыстыларда тіл ұшы сәл кейін тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
Жіңішке дауыстыларда тіл ұшы ілгері созылып, үсті сәл төмендейді.
-
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
3 □ = 2 □ (2а) — ашық, 1 □ (у) — қысаң
Ашық дауыстыларда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.
Қысаң дауыстыларда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
-
б) Ерін мен езудің қатысына қарай:
3 □ = 1 □ (у) — еріндік, 2 □ (2а) — езулік
Езулік дауыстыларда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.