Баған түрінде жазылған мысалдарды анықтап, оларды орында
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
4-сынып математика сабағына арналған жоспар
Тақырыбы
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Мақсаты
Көптаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекіліктер
- Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
- Кестелер
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг: «Мен бақыттымын»
Сабаққа даярлық: амандасу, түгендеу.
Жұмылдыру өлеңі
Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырмаларды оқушылар кезекпен оқып, жауаптары тексеріледі.
III. Өткенді пысықтау (сұрақ-жауап)
- Қандай сандарды көптаңбалы сандар деп атаймыз?
- Бірінші класс бірліктеріне нелер жатады?
- Екінші класс бірліктеріне нелер жатады?
- Үшінші класс бірліктеріне нелер жатады?
- Көптаңбалы сандарды қалай қосып, қалай азайтамыз?
IV. Жаңа сабақ
Ой қозғау
- Қосу деген не?
- Қосу не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Азайту деген не?
- Азайту не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Оқулықпен жұмыс
№1 (а)
Қосындылардың қайсысының мәнін таба аласыңдар? Түсіндіре отырып орындаймыз.
Мысалдар
- 428 + 351 = 779
- 1428 + 1351 = 2779
Кері амалмен тексеру
- 779 − 351 = 428
- 2779 − 1351 = 1428
№2 «Ойлан, тап»
Баған түрінде дұрыс жазылған мысалдарды анықтап, оларды орындаңдар. Дұрыс жазылмағандарын дәптерге дұрыс жазып, есептеңдер.
№3
Мысалдарды баған түрінде жазып, амалдарды орындаңдар.
№4
Қосуды орындап, нәтижені азайту арқылы тексеріңдер.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп аламыз.
№5 (Өзіндік жұмыс)
Оқушылар тапсырманы өз бетімен орындайды.
№6 (Есеп)
Әкелінді: әр орамда 50 м болатын 9 орам ақ мата және 120 м көк түсті мата. Барлығы қанша метр мата әкелінді?
Шешуі
(50 × 9) + 120 = 450 + 120 = 570 м
Жауабы: 570 м
№9 «Ойлан, тап»
Қандай санды қойғанда тура теңдік шығады?
- 48 : 24 + 499 = 501
- 80 × 60 − 400 = 80
- 203 × 4 − 302 = 510
- 60 : 20 + 798 = 801
- 210 × 3 + 60 = 690
- 5 × 120 + 210 = 810
Оқулық: 54-бет, №1 (ұжымдық жұмыс)
Баған түрінде жазылған мысалдардың дұрыс жазылғандарын анықтап, орындаңдар. Дұрыс жазылмағандарын дәптерге дұрыс жазып, есептеңдер.
№5 «Ой шақыру» (ауызша)
Тапсырмалар ауызша орындалады.
V. Жаңа сабақты пысықтау
Топтық жұмыс арқылы жаңа тақырып бекітіледі.
Назар аударатын тұстар
- Сандарды разряд бойынша туралап жазу
- Көшіру (өткізу) ережесін сақтау
- Нәтижені кері амалмен тексеру
Жұмыс форматы
- Топ ішінде талқылау
- Ортақ шешім шығару
- Қателерді бірге түзету
VI. Қорытынды
Сабақ соңында оқушылардың жазбаша қосу және азайту тәсілдерін қолдануы қорытындыланады.
Орындалған тапсырмалар бойынша кері байланыс беріледі, жиі кездесетін қателер талданады.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау (мұғалім нақтылап береді).
Бағалау
Белсенділік, дәлдік, түсіндіру сапасы және өзіндік жұмыстың орындалуына қарай бағаланады.