Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Білімдік мақсат
Етістіктің ерекше түрі — тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік туралы білімін кеңейту.
Іскерлік-дағды
Тұйық етістіктің түрлену ерекшеліктерін ұғындыру, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ауызша және жазбаша жаттығулар, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу; жан-жақты талдау арқылы оқушының ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Сабақта қолданылған мәтіндер мен мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Жаңа сабақ: тұйық етістік
Негізгі анықтама
Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Ол басқа етістік түрлері сияқты жақпен де, шақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік көбіне қимыл-әрекеттің атауы ретінде қолданылады.
Мысалдар
бару, жүру, тұру — қимыл атауын білдіреді.
Маңызды белгілерін ажырату
Тақтадағы плакат арқылы тұйық етістіктің септелуі мен тәуелденуін бақылап, мына сұрақтарға жауап беріледі:
- Тұйық етістік қалай жасалады?
- Ол қалай түрленеді?
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Етістіктің ерекшеліктері мен түрлерін еске түсіру.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2) Бекітуге арналған тапсырма: «Көру диктанты»
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті тұйық етістікті қойып жазыңдар:
- 1. Тапсырманы уақытында ... керек.
- 2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.
- 3. Үлкендерді ... керек.
- 4. Ұжым жұмысына ... керек.
- 5. Мәдениетті ... керек.
- 6. Сабаққа белсенді ... керек.
3) Топтық жұмыс: «Кім тапқыр?»
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген мәтіндерді оқып, тұйық етістіктерді тауып, талдау жасайды.
1-топ
Мұқағали өлеңдерінен шумақтар оқу.
2-топ
Абай өлеңдерінен шумақтар оқу.
3-топ
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар.
4) Шығармашылық байланыс: ән мәтінімен жұмыс
Домбыраның сүйемелдеуімен ән орындалып, ән шумақтарынан тұйық етістіктер анықталады. Авторларға қысқаша тоқталынады.
Мысал: «Кешікпей келем деп ең…» — мәтіні: М. Шаханов, әні: Шәмші Қалдаяқов.
5) Суреттермен жұмыс
Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөйлем құрап, ондағы тұйық етістіктерге талдау жасалады. Нәтижелері дәптерге жазылады.
6) Үлестірмелі карточкалар және жаттығу
Жаңа сабақты пысықтау үшін карточкалармен және 210-жаттығумен жұмыс жүргізіледі.
Карточка №1
Өз бетіңмен тұйық етістік ойла. Оған морфологиялық кешенді талдау жаса.
Карточка №2
«Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғып келеді.» сөйлемін сөйлем мүшесіне қарай талда.
Карточка №3
«Күзде ағаштың жапырақтары сарғая бастайды.» сөйлемін сөйлем мүшесіне қарай талда.
Карточка №4
Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат: «Балалар ойнап жүр.» «Бізде сабақ болды.»
Карточка №5
«Шегелеу» сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса.
Карточка №6
«Көру» сөзіне математикалық (сандық) кешенді талдау жаса.
7) Қорытынды сұрақтар
- 1 Тұйық етістік дегеніміз не?
- 2 Ол қалай жасалады?
- 3 Бір мысал ойлап, септеп көрсет.
- 4 Бір тұйық етістікті тәуелдеп көрсет.
8) Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, жауаптарының дәлдігі мен талдау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
- Тұйық етістік тақырыбын оқу.
- Көркем әдебиеттен тұйық етістігі бар сөйлемдер теріп жазу.
Ескерту: жылдық жоспарды шолу (сабақтар тізбегі)
Төмендегі нөмірлер — жыл ішіндегі сабақтарды кезең-кезеңімен қарауға арналған шолу белгілеулері: