Өлеңді құрылысына талдау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті · Сыныбы: 6 · Мұғалімі: Маширбаева Л. С.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев — «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру; мазмұнын талдау; әдебиет теориясы бойынша өлең құрылысына талдау жасау.
- Тәрбиелік: өнерге ұмтылуға, адал еңбек етуге, ақылды болуға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге, «ақырын жүріп, анық басуға» тәрбиелеу.
- Дамытушылық: шығармашылық жұмысты дамыту; мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру; өз бетімен ізденуге жетелеу; оқу, өнер, білім туралы ой-өрісті кеңейту.
Сабақтың сипаттамасы
- Типі
- Аралас
- Түрі
- Дәстүрлі
- Әдіс-тәсілдері
- Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
- Көрнекілігі
- Абай портреті, бүктеме, кітаптар, слайд, ББҮ кестесі
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, музыка, әдеп
Негізгі идея (өзек ой)
Абай жастарды пайдалы іске ұмтылуға, өнер үйренуге, адал еңбекпен өмірден өз орнын табуға шақырады. Ақынның өсиеті — адамды алға бастайтын еңбек, ар-ұждан және парасат.
Өлеңнен тірек жолдар:
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!
Түйін: қоғамға пайдалы азамат болу — өз қабілетіңді танып, еңбекпен орнығудан басталады.
Өлең құрылысы туралы ескерту
- Өлең 7–8 буынды, шалыс ұйқас үлгісінде жазылған.
- Мәнерлеп оқуға және әдеби-теориялық талдауға бағытталған.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен сәлемдесу.
- 2 Сабаққа қатысуды тексеру.
- 3 Зейінді сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жатқа айту.
- Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Сөздікті жаттау.
- Абайдың бұрын өтілген өлеңдерінің бір шумағын өлең құрылысына талдау.
- Сыныптан тыс оқу: «Мұтылғанның өмірі» (Шәкәрім Құдайбердіұлы).
III. Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ басталар алдында сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ топбасшы және әділ бағалаушы сайлайды.
ББҮ кестесі (білемін · білгім келеді · үйрендім)
Білемін
Оқушылар Абай туралы білетіндерін тақтаға жазып шығады.
Білгім келеді
Өлеңнің негізгі ойы мен көркемдік ерекшелігін анықтауға сұрақ қояды.
Үйрендім
Сабақ соңында түйген ойларын жүйелеп жазады.
Өлеңді мәнерлеп оқу ұйымдастырылады. Одан кейін сұрақтар арқылы ұғымдар пысықталады: ұйқас, шумақ, ұйқас түрлері.
Топтық тапсырмалар
I топ
- Өлеңнің 2-шумағын мәнерлеп оқу.
- Өлең құрылысына талдау.
- Синонимдерді табу: қайрат, ақыл, әділет, шапқат.
II топ
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлең құрылысына талдау.
- Синонимдерді табу: пайда, мақтан, мінін жасыру.
III топ
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлең құрылысына талдау.
- Метафора ұғымын анықтау және мәтіннен метафораны табу.
IV топ
- 6-шумақты мәнерлеп оқу.
- Өлең құрылысына талдау.
- Нақыл (қанатты) сөздерді табу.
«Бір айналымды сөз» әдісі
Әр топқа бір сөз беріледі. Оқушылар бір параққа сол сөзге байланысты бір-бір сөйлем жазады. Соңында бір оқушы жазылған сөйлемдерді оқып береді.
Өнер
Бала
Еңбек
Ақыл
Ескерту: түрлі түсті сия қолдану ұсынылады.
Топтастыру стратегиясы
Ақын жастарды өнер-білімге шақыра отырып, қандай адамгершілік асыл мінездерге үндейді?
ББҮ кестесі: «Үйрендім» бөлімі
Оқушылар сабақ барысында үйренгендерін жүйелі түрде жазады.
Сөздікпен жұмыс
- Шапқат (шапағат)
- Мейірім, жәрдем, көмек.
- Ез (езбе)
- Мезі етуші, мыжыма.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Оқулықпен жұмыс: сұрақтар
- 1 Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
- 2 Ақын ән мен күйден алған әсерді қалай суреттейді?
Тапсырма
- Сүйікті әндерің мен күйлеріңді тыңдай отырып, Абайдың талғамын салыстырып байқап көріңдер.
- Өлеңнен әннің тыңдаушы көңіл күйіне әсері айтылған жолдарды тауып, қандай әнді ұнататыныңды әңгімеле.
- Өлеңнің ішкі мәніне үңіліп, әр сөзін талдап оқы.
Талдау сұрақтары және тапсырмалар
- 1 Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге шақыра отырып, қандай адамгершілік, асыл мінездерге үндейді?
- 2 «Бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа…» дегенде ақын нені меңзейді деп ойлайсыңдар?
Тапсырма
- Өлеңдегі пайда, мақтан, мінін ұрлау/жасыру сөздерінің мән-мағынасын ашып, синонимдерін атаңдар.
- Нақылға, қанатты сөзге айналған өлең жолдарын табыңдар.
- Өлеңді жаттап келіңдер.
Қорытынды ой
Абай мұралары — адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттың асыл қазынасы. Сабақ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың төмендегі сөзімен түйінделеді:
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге.
V. Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттау.
- Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
VI–VII. Бағалау және сабақтың аяқталуы
- Оқушылардың жауаптарын бағалау.
- Сабақты қорытындылап аяқтау.