Тор тігіс
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы
Жалпы білім беретін Шипов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Муканова Салима Ханатовна
Сабақтың мақсаты (білімдік)
Тігіс тігу, тігістің пайдасы және орындалу жолдары туралы білім мен біліктілікті арттыру. Тігіс тігу барысында практикалық дағды қалыптастыру. Тігіс түрлерінің орындалу технологиясын меңгерту.
Дамытушылық мақсат
Тігістердің жасалу реттілігін суреттер мен сызбалар арқылы түсіндіру, оқушыға өз бетімен мақсатқа жетуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушының дербес жұмыс істеу еріктілігін және өз күшіне сенімін қалыптастыру. Істі сапалы, ұқыпты орындауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Жіптер
- Инелер
- Түйреуіштер
- Сызғыш
- Таспа метр
- Бор
- Қайшы
- Оймақ
Сабақтың өту барысы
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп —
Мұның аты — еңбек.
Кесте тіксең зерлеп —
Мұның аты — еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Өткен сабақты қайталау
- 1 Қол жұмысын орындауда жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?
- 2 Жүн және табиғи жібек маталар туралы түсінік.
- 3 Матаның негізгі қасиеттерін ата.
- 4 Матаның физикалық-механикалық қасиеттерін ата.
Сөзжұмбақ (жұмбақтар)
Оқушылардың зейінін шоғырландыруға арналған қысқа тапсырмалар.
-
1)
Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. -
2)
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң — шешен,
Ақылы асқан көсем. -
3)
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. -
4)
Аппақ дала, қара дән —
Дәнін сепсең, түсінуге жараған. -
5)
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Жаңа сабақ: тігіс түрлері және негізгі ұғымдар
Негізгі ойлар
- Адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын маңызды қызмет — еңбек. Еңбектенген адамнан өнер туады.
- Кез келген бұйымды тіккенде материалға сай мата мен тігіс технологиясы таңдалады.
- Бұйым бөлшектері инешаншым және тігім арқылы біріктіріледі.
Терминдер (анықтамалар)
- Тігіс
- Бөлшектердің біріккен орны.
- Инешаншым
- Матада жіптердің айқасуы арқылы орындалатын бір әрекет.
- Тігім
- Бірнеше рет қайталанған инешаншым нәтижесінде пайда болатын тігіс (біріктіру сызығы).
Көктеу
уақытша тігісКөктеу — бұйым бөлшектерін уақытша біріктіріп тұратын тігіс. Ол бөлшектердің шетін біріктіруге және матаның шеті сетінеп кетпеуі үшін қолданылады.
Әдісі: шетті екі рет ішке қайырып, инені алға шаншу арқылы көктеп тігеміз. Материалды толық тесіп өтпейтіндей етіп, тігісті төменнен жоғары қарай жүргіземіз.
Көмкеру (жөрмеп тігу)
шет өңдеуКөмкеріп (жөрмеп) тігу — бұйымның берілген шетін өңдеу үшін қолданылады. Көмкеріп тігудің бірнеше түрі бар.
- Шетті таза әрі берік ету
- Пішіннің ұқыптылығын сақтау
Тор тігіс
бекітуші + сәндікТор тігіс — әрі бекітуші, әрі сәндік тігіс. Торлап тігу материалдың шетін өңдеуге, түймелікті торлауға және жұмсақ ойыншық тігуге қолайлы.
Қайшы тігістер
Бұл бөлімде әртүрлі сәндік және өңдеу тігістері таныстырылады (слайдтық материал негізінде).
Оқушылар тігіс үлгілерін қарап, айырмашылықтарын атап, қолданылу орнын талдайды.
Сабақты тігіс (сабақшалап тігу)
Сабақшалап тігу көбіне кесте тігу үшін қолданылады. Алдымен материал таңдалып, бетіне кесте үлгісі түсіріледі.
- 1 Бастапқы нүктеден бастап жіпті біртіндеп алға жүргіземіз.
- 2 Сабақталған инені матаға шаншып, теріс жағынан артқа қарай жүргіземіз.
- 3 Келесі тігістің орта тұсынан инені бет жағына шығарамыз.
Көркем тігіс
Көркем тігістер бұйымға ерекше өрнек пен мән береді. Бұл бөлімде слайд арқылы үлгілер көрсетіліп, орындау тәсілдері талқыланады.
Сергіту минуты
Ұлттық танымға негізделген қысқа сұрақтар арқылы сергіту.
- 1) Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі.
- 2) Жеңсіз жеңіл киім.
- 3) Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бұйым.
- 4) Жеті түрлі дәнді-дақылдан сүт қосып пісірілген сұйық ас.
- 5) Сурет салып тоқылған кілем.
- 6) Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек.
- 7) Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс.
Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті
Тігін инесімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
маңыздыИне кіріп кетсе, жарақат алып, қан кетуі мүмкін. Инені ерінге қыстырып ұстау қауіпті: қақалып қалуыңыз немесе жұтып қоюыңыз ықтимал.
- 1 Жұмысқа кіріспес бұрын инелерді санап алыңыз; сынғанын және тот басқанын алып тастаңыз.
- 2 Тігіс тігуде оймақ қолданыңыз.
- 3 Инелерді арнайы қорапшада немесе инеқапта сақтаңыз.
- 4 Инені аузыңызға салмаңыз; киімге және жұмсақ жиһазға қадамаңыз.
- 5 Жұмыс соңында инелерді қайтадан санаңыз: саны жұмыс басындағыдай болуы керек.
Еңбек мәдениетінің ережелері
- Жұмыс орнын алдын ала дайында.
- Сарамандық жұмыс кезінде киіміңнің таза әрі үтіктелген болуын қадағала.
- Жұмысты сапалы орында, сабақ уақытын тиімді пайдалан.
- Құрал-жабдықтарды ұқыпты ұста, оларды тағайындалуына сай қолдан және тазалықта сақта.
- Материалды үнемдеп қолдан.
- Жұмыс орнында тазалықты сақта.
- Жұмыс аяқталған соң жұмыс орныңды жинап, құралдар мен материалдарды кезекшіге тапсыр.
Сарамандық жұмыс
- 1) Жұмыс тәсілдерін көрсету және тігісті орындату ережелерін түсіндіру.
- 2) Тігіс түрлерін сабақ барысында орындауын бақылау.
- 3) Оқушының жұмыс үстелін жүйелі түрде тексеріп отыру.
- 4) Тігіс түрлерін сызбаға қарап матаға түсіру.
- 5) Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып тігу.
Сабақты қорытындылау
Оқушылар тігіс түрлерін ажыратып, қолданылу мақсатын түсіндіреді және практикалық жұмыста қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Үйге тапсырма
Тәуелсіздік мерекесіне арнап кесте тігу. Кестеде бүгінгі сабақта өткен тігіс түрлерін қолдану.