Логикалық сұрақтар
Сабақтың тақырыбы
«Білім тарландары»
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың математикадан алған білімдерін саралау, деңгейін анықтау.
- Логикалық және танымдық дағдыларын дамыту, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
- Бірлесіп жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру, топтық және достық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу.
- Оқушы назарын сабаққа аудару.
2) Негізгі бөлім
- Таныстыру (топтың аты, ұраны).
- Логикалық сұрақтар (әр топқа 10 сұрақ).
- «Білімділер сайысы» (карточка бойынша тест тапсырмалары).
- Сиқырлы квадрат.
- «Жаңылмаймын» ойыны (команда капитандарына).
- Жасырын жұмбақты шешу.
- Кроссворд шешу.
3) Қорытынды
Сабақ соңында нәтижелер талданып, білім сайысы қорытындыланады.
Логикалық сұрақтар
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Мақсат — қысқа уақытта нақты жауап беру және негізгі ұғымдарды дәл қолдану.
I топ
- Параллель түзулер дегеніміз не?
- Масштаб дегеніміз не?
- 2 санының кубы неше?
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
- 25 санының квадраты неше?
- 40 санының төрттен бір бөлігі неше?
- Натурал сандарға қандай сандар жатады?
- Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады?
- Таңбалары әртүрлі сандарды қалай қосамыз?
- Координаталық жазықтықты енгізген кім?
II топ
- Пропорция дегеніміз не?
- Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
- Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
- 20 санының екіден бір бөлігі неше?
- 100 жыл басқаша қалай аталады?
- Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
- Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол неше есе артады?
- Теріс сандарды қалай салыстырамыз?
- Жиындарға қолданылатын амалдар қандай?
- 4 санының кубы нешеге тең?
«Білімділер сайысы»
Топшама бойынша оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі. Әр жауап дәлелді және ұқыпты рәсімделеді.
Сиқырлы квадрат
I топқа тапсырма
1–9 сандарын 9 тордан тұратын шаршыға орналастырыңдар. Тігінен де, көлденеңнен де, диагональ бойынша да қосындысы 15 болуы керек.
II топқа тапсырма
2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 сандарын 9 торлы сиқырлы шаршыға орналастырыңдар. Қай бағытта алсаңдар да қосындысы 30 болсын.
«Жаңылмаймын» ойыны (капитандар сайысы)
I топ
1 минут ішінде 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды атаңдар.
II топ
1 минут ішінде 4-ке қалдықсыз бөлінетін сандарды атаңдар.
Жасырын жұмбақты шешу
1) Тапқыр кемпір
Бір кемпір былай деген екен:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер».
Мұны естіген ұрылар: «Қой, мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік», — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сұрақ: Үйде неше адам болған, ал ұрылар нешеу?
2) Санамақ есеп
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Қорытынды ой
Білім — биік шың, бақытқа сені жеткізер.
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
Осымен «Білім тарландары» атты білім сайысын қорытындылаймыз. Қатысқандарыңызға және тыңдағандарыңызға рақмет!