Ырымдар мен тыйымдар
Сабақтың тақырыбы
Ата салтым – асыл мұрам
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру.
- Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, халық өнегесін үйрету.
- Өз ұлтына, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер
Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманым.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен мұғалімдер!
Бүгін 2 «Б» сыныбында өтіп жатқан «Ата салтым – асыл мұрам» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Шарамыздың негізгі мақсаты — халқымыздың салт-дәстүрлері мен асыл қазыналарын оқушыларға түсіндіріп, олардың бойына сіңіру.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып атадан балаға мирас болып келеді. Әр ұлттың өзіне тән салты бар.
Өсиет
Білімсізден жаман жоқ, туған соң адам боп.
Ел дәстүрін білмесең, жұрт айтады надан деп.
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
Отау көтеру дәстүрлері
- Қыз ұзату
- Беташар
- Шаңырақ көтеру
Тәрбие дәстүрлері
- Бесікке салу
- Алтыбақан
Отбасы дәстүрлері
- Дастарқанда бата беру
- Бәйге
- Отбасы аластау
Еңбек дәстүрлері
- Аңшылық
- Сонар
Ислам тағылымы
- Құрбан шалу
Қаза ғұрыптары
- Дұға оқу
- Жоқтау
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманым.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Тақпақтар
Енді оқушылардың тақпақтарына кезек берейік.
1-оқушы
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған, тәлімді ой — сынағы, тәрбие көзі болған. Салт-дәстүрді ардайық, ағайын, қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
2-оқушы
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, үлкен-кіші — жасымыз, кәріміз де. Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар, гүл-гүл жайнап, мына біздің төрімізге.
3-оқушы
Туған соң адам боп, білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, жұрт айтады надан деп.
4-оқушы
Ата-бабаң ардақты, жамандыққа бармаған. Ардай тұтып салт-дәстүрді, ата жолын жалғаған.
5-оқушы
Бауырласқан тәніміз, бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де бар дәстүр мен салтымыз.
Ән
«Алтын ана» — орындайды: Набатова Ұлболсын.
Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні
Жүргізуші
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр ғұрыбы.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрпы.
Қазақ халқы тәрбиеге, салт-дәстүрге ерекше мән берген. Ерте кезде жазу-сызу кең таралмаған уақытта да баланы отбасында тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттаған.
Халық ырымдар мен тыйымдар, алғыс-тілектер, мақал-мәтелдер арқылы ұрпақ санасына ізгілік ұялатқан.
Ырымдар мен тыйымдар
Төмендегі ырымдар арқылы халқымыз сәбидің болашағына қатысты жақсылықты жорамал жасаған:
- Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, белгілі азамат болып өседі.
- Бүк түсіп ұйықтаса — уайымшыл, жігерсіз болады.
- Етпетінен ұйықтаса — ойшыл болады.
- Аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса — болашақта батыр, кемеңгер болады.
Қорытынды ой
Ырымдар мен тыйымдарды білу — ұлттық дүниетанымды танудың бір жолы. Оларды құр жаттап қана қоймай, мәнін түсініп, жадымызда сақтайық.