Сот хатшысы
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кештің мазмұны — халқымыздың азаттыққа ұмтылған сан ғасырлық арманы, ерлердің ерен ерлігі және Желтоқсан оқиғасының ел тарихындағы орны.
Кештің ашылуы
Жүргізушілердің сәлемдесуі
Ақерке
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Жәнібек
Добрый день, дорогие гости, учителя и учащиеся!
Ақерке
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Жәнібек
Торжественная программа ко Дню Независимости объявляется открытой!
Гимн
Салтанатты бөлім Қазақстан Республикасының Әнұранымен жалғасады.
Ақерке
Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер! Бұл күн — ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүние дүр сілкінген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын ұлы мереке.
Жәнібек
В истории нашей страны сегодняшний праздник особенно значим. В этом году мы отмечаем 22-ю годовщину со дня обретения Независимости. Добро пожаловать на концертную программу, посвящённую Дню Независимости!
Ақерке
Құттықтау сөзі колледж директоры Смағұлов Ержан Мәлікұлына беріледі.
Жәнібек
Открывает нашу концертную программу песня «Желтоқсан желі». Встречаем!
Желтоқсан — жүректегі жара, елдіктің ұраны
Өлең жолдары
Жас арудың жанарында — Желтоқсан.
Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында — Желтоқсан.
Жауыздықты жасқағанда — Желтоқсан.
Жаңа ғұмыр бастағанда — Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда — Желтоқсан.
Намысымның шырылы да — Желтоқсан.
Сырқат өмір сынағы да — Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан.
Жаңа күннің шуағы да — Желтоқсан.
Көрініс: Қайрат Рысқұлбеков тағдыры
Бұл бөлімде ұлтының намысын қорғаған қайсар азамат Қайрат Рысқұлбековтың тергеу мен соттағы ауыр сәттері сахналық көрініс арқылы беріледі.
Тергеу
Тергеуші
Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!
Кезекші
Заключённый Рыскулбеков — на допрос.
Тергеуші
Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат
Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?
Тергеуші
Рысқұлбеков, Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат
Жоқ, өлтірген жоқпын.
Тергеуші
Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат
Олай болса, мені сол адаммен беттестір. Бұл — өтірік жала.
Тергеуші
Ах ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу «өтірікті»! Жала дейді тағы!
Тергеуші
Ей, Рысқұлбеков, Савицкийді өлтірдім деп мойында! Мойындасаң, жазаң жеңілдейді.
Қайрат
Жолдас тергеуші, бұл — жала! Өлтірмеген адамды «өлтірдім» деп қалай мойындаймын? Адам түгілі, тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші
«Савицкийді өлтірдім» демей-ақ қой. «Оқиғаға қатыстым» десең де болады.
Қайрат
Жасамаған нәрсені неге мойындаймын? Бұл — маған жабылған жала.
Сот
Сот хатшысы
Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар!
Тергеуші
Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.
Сот (үкім)
Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айырылсын; 173-бабының 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі — өлім жазасына, ату жазасына кесілсін.
Тергеуші
Ал, «декабрист», Рысқұлбеков, соңғы ақтық сөзіңді айт!
Қайрат (ақтық сөз)
Ақтық сөзді енді мен Сотқа да бір айтайын.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар —
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты — құрбандық,
Атам десең, атыңдар!
(Қайратты кісендеп, алып кетеді.)
Мәнерлеп оқу
Оқушылар: Айсара, Толғанай, Дархан, Әмір, Рамазан.
Толғанай
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула — Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы!
Айсара
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сыз бар шығар сол кездегі салқынның,
Айналайын жас Қайратым, жас өркені халқымның.
Әмір
Желтоқсан айы, естісің —
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаматтық күні қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырап қалай күніміз?
Рамазан
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары етіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік пен жаладан
Адам азап шеккен күн.
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
АМОН-дар бастан тепкен күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Қорытынды көрініс: Монументке гүл қою
Сахна төріне ана бейнесі баяу шығып, Тәуелсіздік монументіне гүл қояды. Бұл — өткенге тағзым, ерлікке құрмет, тәуелсіздікке адалдықтың белгісі.
Ана
Иә, айналайын балапандарым!
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула — Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
Түйін
Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік. Оны сақтау — бірлікке берік болып, тарихты ұмытпай, әділдік пен елдік құндылықтарды ардақтау.