Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы
Сабақ туралы мәлімет
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №23 мектеп-лицей. Информатика пәнінің мұғалімі — Есенова Диана Бахтияровна. Сынып: 6.
Тақырып, мақсат, күтілетін нәтиже
Сабақтың тақырыбы
MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру.
Сабақтың мақсаты
MS Word мәтіндік редакторына суреттерді кірістіруді және көркем жазуларды (мәтіндерді) пішімдеуді үйрену.
Күтілетін нәтиже
- Paint редакторында өздері салған суреттерді MS Word құжатына кірістіре алады.
- Жазған мәтіндерін көркем етіп пішімдей алады.
Сабақ форматы және әдіс-тәсілдер
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту сабағы (практикум элементтерімен).
Белсенді оқытуда қолданылатын әдістер
- Сын тұрғысынан ойлау
- Диалогтік оқыту
Оқудағы кедергілерді жеңу
Барлық оқушыларды сабаққа тарту үшін топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастырылады, әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.
Жеті модульдің кіріктірілуі
Негізгі дереккөздер мен материалдар
Негізгі дереккөз
Информатика оқулығы.
Таратпа материалдар
А4 форматындағы мәліметтер және тапсырмалар.
Сабақтың барысы
-
2–3 минут
1) Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу.
-
7 минут
2) Өткен материалды қайталау
«Шындық па, әлде жалған ба?» әдісі арқылы қайталау.
Тұжырымдар (1-блок)
- Microsoft Word мәтіндік редакторын «Баптау → Барлық бағдарламалар → Microsoft Word» батырмасы арқылы іске қосамыз.
- Microsoft Word-та кесте құрудың тек бір ғана жолы бар.
- Microsoft Word-та тек бір ғана бағанмен жұмыс жасаймыз.
Тұжырымдар (2-блок)
- Microsoft Word — құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы.
- Microsoft Word-та қаріпті пішімдей аламыз.
- Microsoft Word-та жазған мәтінімізді баспадан қағаз бетіне шығара аламыз.
-
8 минут
3) Жаңа материал
Microsoft Word құжаттарына басқа бағдарламаларда жасалған суреттерді, сондай-ақ сурет салу тақтасы арқылы салынған графикалық объектілерді енгізуге болады. Бұл объектілерді көшіруге және құжаттың кез келген орнына қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Word-та дайын суреттерді де, Paint графикалық редакторында өзіңіз салған суреттерді де кірістіруге болады. Егер сурет Paint-та жасалса, оны алмастыру буфері (Clipboard) арқылы «Көшіру» командасымен Word құжатына енгізуге болады.
Дайын суреттер кітапханасынан сурет кірістіру (мысал)
- 1. Алдымен қажетті мәтінді енгізіңіз.
- 2. «Вставка → Рисунок → Картины» командасын орындаңыз.
- 3. Microsoft Clip Gallery терезесінде «Картинки» қосымшасын және сурет санатын таңдаңыз.
- 4. Ашылған суреттер тізімінен қажетті суретті таңдаңыз (тышқанмен шертіңіз).
- 5. Суретті мәтінге кірістіру үшін «Вставить» батырмасын басыңыз.
Толық нұсқасын жүктеуЕскерту: сілтемені нақты файлға/бетке бағыттап жаңартыңыз.