Тапсырманың орындалу ерекшелігі
Сабақ туралы
Пәні
Информатика (5-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Мәтінді теру және түзету ережелері
Сілтеме
5-сынып информатика оқулығы; ғаламтор желісіндегі іздеу сайттары
Негізгі құрал
WordPad мәтіндік редакторы
Жалпы мақсат
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге және түзетуге үйрету, редактордың негізгі мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануға дағдыландыру.
Сонымен қатар АКТ-мен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырып, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауын, танымдық белсенділігін арттыру.
Оқыту нәтижелері
- WordPad редакторында мәтін теру және түзету ережелерін біледі.
- Мәтін теру мен түзету ережелерінің қызметін ажырата алады.
- Өзгенің пікірімен санасып, бірлесіп жұмыс істейді.
Түйінді идея
Топпен жұмыс арқылы WordPad мәтіндік редакторында мәтінді теру және түзету ережелерін меңгеру, алынған білімді практикалық тапсырмаларда қолдану.
Ресурстар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты ұйымдастыру, топқа бөлу және бағалау тәсілін таныстыру.
- 1 Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.
- 2 Топ атаулары: І топ — WordPad, ІІ топ — Пернетақта.
- 3 Бағалау үшін «Бағдаршам» әдісіне арналған материалдарды тарату.
Теория: Білу
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
- 1. WordPad қандай редактор?
- 2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
- 3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
- 4. WordPad бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- 5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?
- 6. Мәтінді не арқылы тереміз?
- 7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
- 8. WordPad-та жазылған мәтінді баспаға шығаруға бола ма?
Теория: Түсіну
Тақырыпты ашу және топтық жұмысқа бағыттау.
Ой шақырту және ресурстарды тарату
Топтастыру арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру, жұмысқа қажетті материалдарды тарату.
«Білгенге маржан»
- Ребусты шешу
- Сөзжұмбақты шешу
Топтық жұмыс (постер әдісі)
Топтар оқулықтағы мәтінді оқып, постер дайындап, қорғайды. Жаңа сабақтың жоспары презентация слайдтары арқылы түсіндіріледі.
Практика: «Кім жылдам?»
Оқулықтағы компьютерлік тәжірибелік жұмысты орындау.
І топ
А деңгейі тапсырмалары
ІІ топ
В деңгейі тапсырмалары
Сергіту сәті
Мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу арқылы ой сергіту.
Теория: Талдау
Қорытындылау және білімді тексеру.
Сәйкестендіру тесті
Негізгі ұғымдарды сәйкестендіру арқылы бекіту.
Сұрақ-жауап
Тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Бағалау және рефлексия
Бағалау критерийлері
- Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы.
- Ақпараттың нақтылығы және дұрыстығы.
- Тапсырманы орындау ерекшелігі (тәсіл, ұқыптылық, уақытты тиімді пайдалану).
Рефлексия
Оқушыларға сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер таратылады. Қорытынды кері байланыс «Екі жұлдыз — бір тілек» әдісі арқылы жүргізіледі.
Қосымша материал: «Мәтінді теру және түзету ережелері» (жүктеу).