Шаншылған сөздер
Пән: Қазақ тілі
Тақырып
Сөз таптары
Мақсат
Өткен сөз таптарын қайталау арқылы оқушылардың білімін бекіту.
Көрнекілік
- Жыл мезгілдерінің суреттері
- Кесте
- Дидактикалық материал
Қолданылатын стратегиялар
Міндеттер
1) Мазмұнмен байланысқан міндет
Оқушының білімге қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге үйрету.
2) Сыни ойлауды дамытуға бағытталған міндет
Тіл байлығын молайту, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
3) Топтық жұмыс
Топпен бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
- 1 «Қазақ тілі» пәнінде қандай жұмыстар орындалады?
- 2 Үй тапсырмасын тексеру және өткен ережелерді еске түсіру.
II. Мағынаны тану
Сынып 4 топқа бөлінеді. «Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша әр топ өз жұмысын қорғайды:
Жаттығу 281
Сөздерді оқып, қай сөз табына жататынын анықтап, тиісті бағанға топтастырып жазады.
| Зат есім | Сын есім | Етістік |
|---|---|---|
| Түлкі | Тар | Шақырады |
Жаттығу 282
Зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп, 2–3 сөйлем құрап жазады.
Сергіту сәті
«Сөз қуаласпақ» ойыны: қағаз → зығыр → радио → орақ.
Көркем жазу — Жаттығу 283
Тақтада орындалады. Сөз тіркесін құрау үлгісі:
Зат есім
Бақыт
Сын есім
бесаспап
Сын есім
шебер
Зат есім
бала
Семантикалық карта
Сөйлем бойынша сөз таптарын анықтау: «Бақыт үшінші сыныпта оқиды».
| Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
|---|---|---|---|
| Бақыт | — | үшінші | оқиды |
Жаттығу 284
Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен зат есім, сын есім, етістіктерді табады.
Шығармашылық жұмыс
Әр топ жыл мезгілдерінің біріне байланысты шағын мәтін құрастырып, сынып алдында оқиды.
IV. Ой толғаныс
Үлестірмелі материал
Әр топқа сөздер жазылған үлестірме беріледі. Топтар өзіне тиесілі сөздерді алып, сөз табына қарай ажыратады.
Зат есімдер
Қасқыр, киік, құралай
Сын есімдер
айлалы, жүгіргіш, ақсақ
Етістіктер
құтылады, күтеді, қашты, алдады
Сан есімдер
он, бір, бір-екі
Үй тапсырмасы
285-жаттығуды орындау.
Қорытынды
Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын бағалау.