Балалардың сөздік қорларын байыту
Сабақ туралы мәлімет
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Сауат ашу және жазу
- Сабақтың тақырыбы
- И дыбысы мен әрпі
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты
- И дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Міндеттері
Білімділік
- •И дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастыруға үйрету.
- •Балалардың сөздік қорын байыту.
Дамытушылық
- •И дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы тілін дамыту.
- •Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөйлеуге жетелеу.
Тәрбиелік
- •Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
- •Шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құралдар мен әдістер
Көрнекілік
- Суреттер
- Сөзжұмбақ
- Текшелер
- Кеспе әріптер
- Бейнесөз
- Ажырату ойыны
- Сергіту жаттығулары
- Жұмбақтар
Әдіс-тәсілдер
- •Сұрақ-жауап
- •Сөздік жұмыс
- •Түсіндіру
- •Тіл жаттықтыру
Сабақтың барысы
1) Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
2) Өткен сабақты пысықтау
- •Қазір қандай сабақ?
- •Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- •Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- •Дауыссыз дыбыстарды қай текшемен белгілейміз?
Жұмбақ
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
Шешуі: Сандық
Сауат ашу сабағында бұрын қандай әріптермен таныстық? Бірге еске түсірейік.
3) «Әріптер әлемінде» тапсырмасы
Суретте екі түсті сандықша беріледі: біреуі қызыл, екіншісі көк. Балалар әріптерді тиісті сандықшаға орналастырады.
Берілген әріптер
А Т П Н Ғ Р Л У Ш Й О Қ Д М Б С Ы Ж Ұ Ң Е К Ә І
4) Буыннан сөз құрау
Тақтадағы буындардан сөз құрастыру арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.
Буындар
ТА • РА • НА • УА
Буындар
ОЙ • НА • ҚО • РА
Буындар
МА • ТА • БА • ТА
Буындар
СО • НА • АҢ • ШЫ
Буындар
СҰ • ЛУ • КЕ • СЕ
5) Сөзжұмбақ
Тақтадағы суреттердің бірінші әрпін тауып, сөз құрастырамыз.
Шығатын сөз тіркесі
И Д Ы Б Ы С Ы М Е Н Ә Р П І
6) «Кім жылдам?» — жұмбақтар
Үйді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды.
Шешуі: Ит
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді,
Із-міз тастап кетеді.
Шешуі: Ине
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты.
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды.
Шешуі: Инелік
7) И әрпі қай буында?
Сөздерді оқып, И дыбысы қай буында тұрғанын анықтаймыз.
8) Тіл ұстарту жаттығуы
Ие – ие – ие
Шөгіп жатыр түйе
9) Дәптермен жұмыс
- 1.Дәптердегі берілген сөздерді хормен оқимыз.
- 2.Жеке балаларға оқытамыз.
Оқуға арналған сөздер
И-НЕ
И-НЕ-ЛІК
ШИЕ
ШИ
ШИ-ЕЛІ
10) Сөздік жұмыс
- Ине
- Іс тігетін құрал.
- Инелік
- Жәндік.
- Шие
- Жеміс.
- Шиелі
- Қызылорда облысындағы ауданның атауы.
11) Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Бір, екі, үш —
Орнымызды табайық.
12) Жазу жұмысы
Дәптерге И әрпінің бас және кіші түрін жазамыз.
И и И и
13) Сызба бойынша сөйлем құрастыру
Ине суреті бойынша сызбаға сүйеніп сөйлем құрастырамыз.
Тірек сурет: ине
14) Бейнесөз
Сөздің жалғауын табамыз.
15) Сергіту жаттығуы
Жел соқты — гу-гу,
Жаңбыр жауды — тырс-тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
16) «Кім зейінді?»
Исатайдай батыр болам,
Иса ағамдай ақын болам.
Игі іске батыл болам,
Игілікке жақын болам.
17) Ажырату ойыны: И және Й
Әріптерді салыстырып, айырмашылығын ажыратып айтамыз.
И
Й
18) «Шие» тақырыбына мәтін құрастыру
Имаш пен Иса баққа шие екті. Оны суарып, баптады. Шие жақсы өсті.
19) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
И дыбысы бар сөздерді жылдам айтып шығамыз.
20) Қорытынды және мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтаймыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!