Мұқағали МақатаевҚапырық бәрі

Мұқағали Мақатаев

Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,
Қайындар әне
Бөксесін жерге батырып,
Ақ ұрып бәрі
Аңсайды нөсер шақырып.
Автобустар да,
Трамвайлар да тұр жанып,
Самалға шөлдеп,
Саяны қуып жүр халық.
Үп еткен желді тұтқындап алып дәу үйлер,
Демімен ыстық
Тротуарларды тұр қарып.
Қапырық бәрі:
Аспан да, жер де қапырық,
Ауыр бір тозаң
Әлемді тұр - ау жапырып.
... Оңаша кетіп,
Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен,
Жұмекендерді шақырып...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Мақатаев Мұқағали
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Мұқағали Мақатаев жайында
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Мақағали шығармалары мен аудармалары
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Қазіргі кезде күрделі мәселелердің бәрі кәсіби басқару
Мақатаев Мұқағали
Бәрі осыған қош депті
Сәлем айттым бәріңе
Сендердің бәріңде менің алдымда тірі кісідей боп тұрдыңдар
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды
Бәрі мынау сыбызғының қасиеті
Бүгіннен қалмай кешпесек бәріміз бір - бір төбешік болып, төбеге томпаямыз
Кешкілік одан басқа қуыршақ солдаттардың бәрін қорапшаға қайта салып, адамдар қалың ұйқыға шомды