Қайырлы таң саусақтарым
Ашық оқу іс-әрекеті
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Шығармашылық
Бөлімдері: Сөйлеуді/тілді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: «Ертегілерге саяхат»
Мақсаты
- Балалардың ертегі туралы түсінігін бекіту.
- Сұрақ-жауап арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту, дұрыс сөйлеуге баулу.
- Ойын арқылы ойлау қабілетін күшейту, шығармашылық ынтасын ояту.
- Нүктелі әдіспен сурет салуды меңгерту.
- Саусақ жаттығулары арқылы ұсақ моториканы дамыту.
- Дыбыстық жаттығулар арқылы дыбыстарды анық айтуға машықтандыру.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Көрсету
- Сұрақ-жауап
- Дидактикалық және қимылды ойындар
Көрнекіліктер
- «Бауырсақ» ертегісінің конусты суреттері
- «Жеті лақ» ертегісінің суреті
- Дидактикалық ойын: «Орнын тап та атын айт!»
Құрал-жабдықтар
- Ақ қағаз
- Сары түсті гуашь
- Қол сүрткіш
- Мақталы таяқша
Билингвалдық компонент
- Түлкі
- лиса
- Бауырсақ
- колобок
- Қоян
- заяц
Сабақтың барысы
Мотивациялық-қозғаушы бөлім: «Шаттық шеңбері»
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, ортақ көңіл күй қалыптастырады: «Шеңберіміз неге ұқсайды? Ендеше шарымызды үрлейік те үлкен шар жасайық». Одан кейін «денеміз сау болсын» деген ниетпен сергіту-емдеу сөздері айтылады:
— Қайырлы таң, көздерім! Көздерім, сендер ояныңдар!
— Қайырлы таң, құлақтарым! Сендер ояныңдар!
— Қайырлы таң, саусақтарым! Сендер ояныңдар!
— Қайырлы таң, Алтын күн! Күн сияқты күлімде!
Іздену-ұйымдастырушы бөлім: ертегілерге сапар
Тәрбиеші балалардан: «Ертегілерге саяхат жасағыларың келе ме? Қалай барамыз?» деп сұрайды. Осы кезде пойыздың гуілдеген дыбысы естіледі. Балалар «пойызға мінеміз» деп келісіп, қимылды ойын ойнайды.
Қимылды ойын: «Көңілді пойыз»
Балалар бір қатарға тұрып, пойыз болып «аялдамаларға» қозғалады, дыбыстар мен қимылдарды келістіріп қайталайды.
1-аялдама: «Жеті лақ»
Сұрақ-жауап- Лақтардың анасы қайда кетеді?
- Оларды кім жеп қоюы мүмкін?
- Анасы орманға не үшін барды?
Тақпақ
Аслан: «Лақ, лақ, лағым,
Секеңдеген шұнағым».
2-аялдама: «Бауырсақ»
ЖұмбақТәрбиеші балаларға кейіпкерлерді танып, оқиғаны еске түсіруге көмектесетін сұрақтар қояды:
- Бауырсақ кімдерден қашты?
- Бауырсақты кім жеп қояды?
Жұмбақ
Өзі қорқақ, құлағы ұзын. Ол не?
Балалар: қоян.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
3-аялдама: «Шұбар тауық»
Көмек көрсету«Шұбар тауық көрінбейді, бірақ қыт-қыттаған дауыс естіледі». Балапан балаларға тіл қатады: «Сәлеметсіңдер ме! Мен анамнан адасып қалдым».
Дауысқа еліктеу
Балапан: «Қыт-қыт-қыт».
Тақпақ
Рахат:
«Шөп-шөп, шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер, жем беремін,
Дәнге толы алақаным».
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Енді бәріміз пойызға мініп, тобымызға қайтайық».
Өнер орталығы: нүктелі әдіспен сурет салу
Тапсырма: балапанға көмектесу үшін жемсауыт ішіне тары бейнесін салу. Балалар ақ қағазға сары гуашьпен, мақталы таяқша арқылы нүктелі әдіспен тарыны бейнелейді.
Саусақ жаттығуы: «Амандасу»
Балалар саусақтарын қимылдатып, бір-бірімен «амандасу» қимылдарын орындайды (ұсақ моториканы дамыту).
Жұмысты аяқтау
Дайын болған суреттер «балапанға сыйлық» ретінде ұсынылады, балалар еңбегі мадақталады.
Дыбыстық жаттығулар
- Масалар
- ыз-ыз-ыз
- Аралар
- ыж-ыж-ыж
- Тауықтар
- қыт-қыт
- Жыландар
- ыс-ыс-ыс
Рефлексивті-түзету
Сұрақтар
- Бүгін біз қай аялдамаларға бардық?
- Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік?
Билингвалдық бекіту
Қоян — заяц, Бауырсақ — колобок.
Балалар мадақталып, жетістіктері атап өтіледі.