Мақсат қою

Сабақтың мақсаты

А) Білімділігі

М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы бойынша оқушылардың бұрыннан білетін мәліметтерін тексеру; шығарманы түсініп, мәнерлеп оқуға назар аударту; өлең құрылысына талдау жасау.

Ә) Тәрбиелілігі

Туған жерді, елді сүюге және сыртқы жаудан қорғауға баулу; ақынның ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру; поэзияны сүюге, шешен сөйлеуге қызықтыру.

Б) Дамытушылығы

Өлеңді талдау дағдысын қалыптастыру; өлең оқу мен образға кіріп орындау техникасын дамыту; сөз мағынасын түсінуге үйрету; ойлау қабілетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі

  • Ақынның портреті
  • Шығармалары
  • Нақыл сөздер
  • Интерактивті тақта
  • Слайд
  • Тірек сызба

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Еске түсіру Сұрақ-жауап Жеке ізденіс Сатылай кешенді талдау

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес сабақ (сахналық сабақ).

Бұл форматта оқушылар көрініс арқылы мәтінді тереңірек қабылдап, кейіпкерлер әрекеті мен авторлық ойды салыстыра талдайды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа назарын аударып, ынтасын ояту.
  • Сынып тазалығына көңіл бөлу.

II. Мақсат қою

Сабақтың мақсатын түсіндіру: тақтаға күн жадын және тақырыпты жазу.

III. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың алдыңғы материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін сұрақ-жауап ұйымдастыру.

IV. Жаңа сабақ

1) Өлеңді мәнерлеп оқу

Оқушылар өлеңді түсініп, дауыс ырғағы мен екпінге мән бере отырып оқиды.

2) Мұхтар Шахановтың өмірбаянын айту

Оқушылар өз бетінше жинаған қосымша материалдар негізінде қысқаша баяндама жасайды.

3) Сахналық көрініс

Кейіпкерлерді бөліп, мәтін мазмұнын сахналық түрде көрсету:

Шыңғыс хан

Алтынбек

Шағатай

Мәди

Қайырхан

Томирис

Қарашоқы

Әділет

Қарашоқының әкесі

Асылжан

V. Талқылау сұрақтары

1-сұрақ. Шағатай әкесі Шыңғысқа қандай жауап берді?

Слайдтан үзінді

«Рухы — өр, тәні — бекем,
Тірліктен де артық көрген білікті,
Бұл бір қайсар халық екен», — деген Шағатай сөзі.

Осы сөздерде халықтың ерлігі мен қайсарлығын мойындау бар ма? Дәлел келтіріп жауап беріңдер.