Сөйлемнің түрлері

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Қазақ тілі (8-сынып)

Тақырып

Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем.

Ақпарат көздері

Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Сөйлем және оның түрлері туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық

Сабақ барысында сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру; өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Білімділікке, ойлылыққа жетелеу; туған тілін сүюге және қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар сөйлем түрлерін ажырата алады.
  • Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
  • Сөйлеу шеберлігі артып, тіл байлығы дамиды.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. 2 Жұпқа бөлу (жұптастыру).
  3. 3 Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырма 1. Сөйлем және оның түрлері

Анықтама

Сөйлем — сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісуі, пікір алмасуы және қарым-қатынас жасауы үшін қажет.

Сөйлемнің түрлері

Хабарлы

Ақпарат, мәлімдеме

Сұраулы

Сұрақ қою

Лепті

Сезім, әсер

Бұйрықты

Талап, өтініш

Тапсырма 2. Сұраулы сөйлем

Негізгі түсінік

Сұраулы сөйлем — бір нәрсе туралы сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақ, жетек сұрақ және анықтауыш сұрақ мағыналарын білдіреді.

Негізгі сұрақ

Бір нәрсе, оқиға немесе іс туралы мәлімет алу үшін қойылатын бастапқы сұрақ.

Мысалдар

  • Сен тамақ іштің бе?
  • Үйде кім бар?

Қалай жасалады?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктері арқылы (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма/ме, ба/бе, па/пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақ

Негізгі сұраққа жауап алу барысында қосымша туған ойға байланысты қойылатын сұрақ. Жетек сұрақтар көбіне толымсыз болып келеді және кейде тек сұрау мәнді сөзден тұрады.

Диалог үлгісі

Кеште кімдер өлең айтты?

Ұлдар өлең айтты.

Қыздар ше?

Ерекшелігі

Жетек сұрақ көбіне ше шылауының қатысуымен жасалады.

Дереккөз және автор туралы

Сілтеме

8-сынып оқулығы, қосымша оқу материалдары (kz).

Мәлімет

Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп (мектепке дейінгі шағын орталығы бар КММ). Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г. Сатбекова.