Бар сөзінің антонимі
Сабақтың тақырыбы: «Жолаушы жігіт»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Адамзат тарихында жұлдыздай жарқырап із қалдырған, Шығыстың Екінші Аристотелі атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру.
Дамытушылық
Шәкірттердің шығармашылық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту; ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Әбу Насыр әл-Фарабидің өнегесі арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке және білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен ресурстар
Әдістер
- Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары
- Сұрақ-жауап
- Пікір алмасу
- Әңгімелеу
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Әдебиет
- География
- Музыка
Техникалық құрал
Интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы
-
Кіріспе
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, кезекшімен әңгіме.
-
Қайталау
II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру
- Әл-Фараби туралы жаңа, қосымша мәліметтер тауып келу
- «Отырар кітапханасы» мәтінінің мазмұнын айту
-
Негізгі бөлім
III. Жаңа мәтінмен жұмыс
1) Жаңа сөздер
- ұлық
- правитель
- құмар болу
- быть сильно увлеченным
- қара мұртты
- черными усами
- өткір көзді
- с проницательным взглядом
- қыр мұрынды
- прямым носом
- кең маңдайлы
- широким лбом
- бидай өңді
- белоликий, светлый
- ат жақты
- с широким, открытым лицом
- кең иықты
- широкоплечий
- ашаң жігіт
- худощавый
- Сөз тіркестерін құрау
- Сөйлем құрау
- Мәтінді оқып, танысып, аудару
2) Сұрақ-жауап
Әсіресе соңғы сұраққа мән беріп, оқушылардың пікірін тыңдау.
3) Тапсырма
Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау.
4) Тапсырма
Мәтіннен Әбу Насыр әл-Фарабидің бет-әлпетін сипаттайтын сөз тіркестерін тауып айту.
-
Қолдану
IV. «Ой қозғау» стратегиясы
Оқушылар өз тобындағы бір оқушыны сипаттайды. Екі топқа қағаз таратылады.
Есте сақтаңдар: жас кезеңдерінің атаулары
- 25 жасқа дейін — дәурен
- 50 жасқа дейін — ел ағасы
- 75 жасқа дейін — аталық жас
- 75 жастан кейін — қарттық жас
- 100 жыл — бір ғасыр, оны дәуір дейді
Бұл ұғымдарды оқушыларға кеңірек түсіндіру ұсынылады.
Жаттап алыңдар: мүшел жастар
13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97
- Балалық мүшел — 13 жас
- Жігіттік мүшел — 25, 37 жас
- Ағалық мүшел — 49, 61 жас
- Аталық мүшел — 73 жас
- Кәрілік мүшел — 85, 97 жас
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
-
Ойын
V. Лексикалық ойын: синонимдер мен антонимдер
Мәтіннен алынған сөздердің синонимдері мен антонимдерін табыңдар:
ұлық өмір қызықты босаға өңді сауық -
Талдау
VI. Грамматикалық талдау және мақал-мәтелдер
Мәтіннен сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларды сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Мақалдарды түсініп оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар
- 1 Бірінші байлық — денсаулық.
- 2 Адамның жүрген жері — абат.
- 3 Өнерлі бала — сүйкімді.
- 4 Оқы да біл, ойна да күл.
-
Жазылым
VII. Антоним сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Жұптар
- қызықты—қызықсыз
- жіңішке—жуан
- құмар болу—жек көру
- қара—ақ
- үстінде—астында
- өткір—ұяң
- кең—тар
- алыс—жақын
- босаға—төр
- ашаң—толық
Нұсқаулық
Әр жұптағы антонимдерді қатыстырып, кемінде бір сөйлем құраңдар. Сөйлемнің мағынасын анық әрі дұрыс жеткізуге назар аударыңдар.
-
Топтық
VIII. Ойын: «Құпия хат»
Сөздерді дұрыс тауып, сандардың орнына тиісті әріптерді қойыңдар. Құпия хат толық шешілгенде Әбу Насыр әл-Фарабидің екі ғылыми еңбегінің атауы шығады.
1-топ тапсырмасы
- Ұлттық ойын түрі — 1, 3, 7, 8 (асық)
- Маңғыстау облысының орталығы — 8, 9, 1, 6 (Ақтау)
- Н. Назарбаев кім? — 2, 4, 5, 1, 3, 7 (Елбасы)
- «Қас» сөзінің синонимі — 10, 1, 6 (жау)
- «Бар» сөзінің антонимі — 10, 11, 8 (жоқ)
- «Дело» сөзінің аудармасы — 12, 3 (іс)
2-топ тапсырмасы
- Орманда мекендейді — 1, 10 (аң)
- Сиырдың төлі — 2, 11, 8, 1, 4 (бұзау)
- Ер қанаты — 1, 14 (ат)
- Тышқанның мекені — 13, 6 (ін)
- «Саз» сөзінің аудармасы — 7, 4, 8, 5, 9, 1 (музыка)
- «Ұл» сөзінің синонимі — 2, 1, 3, 1 (бала)
-
Қорытынды
IX. Сабақты бекіту
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастырып, сол жоспар бойынша әңгімелеу.
-
Үй жұмысы
X. Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: 49-беттегі 9-тапсырма.
Сабақты өткізген
Хасанова Нұргүл Қаламғалиқызы
Ақтау қаласындағы №10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Санаты: 1-санатты ұстаз.