Күз мезгіліне мазмұнды сурет
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық
Жыл мезгілдерін еске түсіре отырып, күз мезгіліндегі адамдардың еңбегімен таныстыру.
2) Тілдік
Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорды молайту.
3) Тәрбиелік
Адам еңбегін құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабаққа қонақтар келгенін айтып, балаларды сыпайы сәлемдесуге шақыру.
Сәлемдесу жолдары:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Көңіл күйді көтеру:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
«Жер байлығы көп екен, меңгеруді қалайды. Осының бәрін білдірген Дүниетану сабағы» — деп сабақты бастау.
Топқа бөлу:
- 1-топ: Алма
- 2-топ: Алмұрт
- 3-топ: Шие
Мұғалім топ ережелерін сақтауды ескертеді.
Жыл мезгілі
Қыс
Ай
Желтоқсан
Апта күні
Жұма
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқулық: 32–33-бет. «Жыл мезгілдері» тақырыбын оқу және әңгімелеу.
III. Өткен сабақты еске түсіру
Алма тобына сұрақ
Табиғи денелерге нелер жатады?
Адам, өсімдік, жануарлар, аспан, бұлт, күн.
Алмұрт тобына сұрақ
Табиғи денелер нешеге бөлінеді? Өлі табиғатқа не жатады? Тірі табиғатқа ше?
Екіге бөлінеді: өлі және тірі.
Шие тобына сұрақ
Табиғи құбылыстарға нелер жатады?
Жауын, жел, қар, боран.
Ұйқасын тап: «Күз болғанда атырап, сарғаяды жапырақ…». Осыдан кейін: «Күз мезгілінде адамдар қандай жұмыстар атқарады?» деген сұрақ қойылады.
IV. Тақырып пен мақсатты анықтау
Бүгінгі тақырып: «Адамның күзгі еңбегі». Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер оқушыларға түсіндіріледі.
V. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс: 50–51-бет. Мәтінді тізбектей оқу, негізгі ойды анықтау, күзгі еңбектің түрлерін атау.
Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт,
Жауын жауды себелеп.
Жапырағын жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді
Алтын астық — алтын тау.
«Ас атасы не?» — Нан. Нанның дастарханға қалай келетінін түсіндіру үшін «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңі оқылады.
«Қайдан келдің, бауырсақ?» (үзінді)
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап.
— Қайдан келдің, бауырсақ? —
Деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім, нан сатқан, —
Деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім, нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім, ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Жер-анам менің кең жатқан.
Диқандар мені өсірген.
VI. Білімді бекіту
Нанның дастарханға келуі үшін көптеген адам еңбек етеді. Сондықтан еңбек адамын құрметтеп, еңбегін бағалау керек.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Неліктен күзді «жиын-терін науқаны» деп атайды?
- Жиын-терін шығынсыз, қолайлы болуы үшін қандай ауа райы қажет?
Ойын: «Күн көзін бұлт баспасын». Жұмбақтарды шешу арқылы «бұлтты сейілту» тапсырмасы орындалады.
VII. Қорытындылау
1-топ
Күзде қандай жұмыстар аяқталады?
1-топ
«Диқан еңбегі» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2-топ
Үйде осы еңбектің қай түрімен айналысасыңдар?
Шығармашылық жұмыс
«Күзгі еңбек» тақырыбына сурет салу.
Кері байланыс: «Ғажайып ағаш». Сабақ түсінікті болса — жемісті ағашқа ілу, түсініксіз болса — ағаш түбіне қою.
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
- 50–51-бет: оқып, әңгімелеу.
- Күзгі еңбек туралы сурет салу.
- Бағалау: сабақтағы белсенділік пен тапсырмаларды орындауына қарай.