Қар еріді
Сабақтың тақырыбы
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Формат
Ашық сабақ
Нысана
Құрмалас сөйлемге кіріспе
Нәтиже
Талдау, түрлендіру, қолдану
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушыларға құрмалас сөйлем туралы алғашқы мағлұмат беру.
- Құрмалас сөйлемнің екі жай сөйлемнен құралатынын байқату.
- Мысалдар арқылы жай және құрмалас сөйлемнің айтылуындағы айырмашылықтарды салыстырып, дәлелдету.
Дамытушылық
- Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыру.
- Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
Тәрбиелік
- Адамгершілікке баулу.
- Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Сабақтың барысы
1-кезең
Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Ұран-мақсат:
- Мақсатымыз — білім алу.
- Міндетіміз — еңбектену.
- Беске қол жеткізу.
2-кезең
Үй жұмысын тексеру
146-жаттығу
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, байланысын сызбамен көрсету.
Мысал:
Біз хат жаздық.
Сұрақтар мен ой қозғау
- Жалаң сөйлем дегеніміз не?
- Жайылма сөйлем дегеніміз не?
- «Ұстазды атаңдай сыйла» мақалының мағынасын түсіндір.
Қосымша: сергіту сәті өткізіледі.
3-кезең
Жаңа сабақ: жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Кестемен жұмыс (ауызша талдау)
Интерактивті тақта арқылы сөйлемдерді салыстыру.
Жай сөйлемдер
- Күн жылынды.
- Қар еріді.
- Жер көгерді.
- Мал өріске шықты.
Құрмалас сөйлемдер
- Күн жылынды да, қар еріді.
- Жер көгерді де, мал өріске шықты.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу:
Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
Оқулықпен жұмыс
- Ережені оқу.
- Венн диаграммасы арқылы «жай сөйлем» мен «құрмалас сөйлемнің» ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
- Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Тәжірибелік бөлім
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей — 150-жаттығу
СалыстыруАлдымен сол жақ бағандағы, кейін оң жақ бағандағы сөйлемдерді оқып, айырмашылықтарын анықтау.
Жай сөйлемдер
- Күн ұзарды.
- Түн қысқарды.
- Қыс түсті.
- Төңіректі түгел қар басты.
Құрмалас сөйлемдер
- Күн ұзарды да, түн қысқарды.
- Қыс түсті де, төңіректі түгел қар басты.
Дидактикалық ойын
«Сипаттап, атын айт»
2-деңгей — 151-жаттығу
Талдау және түрлендіру- Өлеңді оқып, құрмалас сөйлемдерді табу.
- Әр құрмалас сөйлемде неше жай сөйлем бар екенін анықтау.
- Құрмалас сөйлемді жай сөйлемдерге айналдыру.
Мәтін: «Мұзайдында»
Айналам — айдын сырғанақ,
Мен келем зу-зу сырғанап.
Әжемше көктен сығалап,
Күнім де маған тұр қарап.
3-деңгей — шығармашылық жұмыс
Зерттеу- «Құрылысшылар» сөзін сөз құрамына талдау.
- Берілген сызба бойынша сөйлем құрау және сөйлем мүшелеріне талдау.
- «Ауыл» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- Оң қол мен сол қолға арналған сергіту ойыны.
4-кезең
Қорытындылау және рефлексия
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем қалай жасалады?
- Құрмалас сөйлемге мысал келтір.
Тірек-сызба арқылы қорыту
Сөйлем түрлері
Хабарлы • Лепті • Сұраулы
Құрылымы
Жалаң • Жайылма
Құрамына қарай
Жай сөйлем • Құрмалас сөйлем
5-кезең
Үй тапсырмасы
- 152-жаттығу.
- Жай және құрмалас сөйлем туралы ережені жаттау.
6-кезең
Бағалау
Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп, қорытынды баға қою.