Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Қазақ тілі • 7-сынып

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Бұл сабақ жоспары оқушыларға көсемшенің сөйлемдегі қызметін жүйелі түрде меңгертуге, көсемше мен есімшені ажырата білуге және талдау-жаттығу жұмыстары арқылы теорияны тәжірибемен бекітуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы толық мәлімет беру; алған білімді пысықтау; теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық

Дүниетанымды, ой-өрісті кеңейту; сөйлеу тілін және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Сауатты жауап беруге және сауатты жазуға баулу; тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, семантикалық карта
Көрнекіліктер
Сызба-кестелер, семантикалық карта

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    • Амандасу
    • Оқушыларды түгендеу
    • Назарларын сабаққа аудару
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

  3. III. Білімдерін жан-жақты тексеру (тест)

    1) Анықтауыш болып тұрған есімшені табыңыз.

    • A Баланың қытығына тиетіні – осы жері.
    • Ә Көшкен ауылды іздеп табалық.
    • Б Ұялғанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.

    2) Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп, сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарады?

    • A Бастауыш
    • Ә Пысықтауыш
    • Б Анықтауыш

    3) Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағын көрсетіңіз.

    • A –ғалы, –гелі
    • Ә –ып, –іп, –п
    • Б –а, –е, –й

    4) Есімшенің жұрнағын табыңыз.

    • A –а, –е, –й
    • Ә –ып, –іп, –п
    • Б –ар, –ер, –р

    5) Есімше атау септікте тұрып, заттанып, сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарады?

    • A Бастауыш
    • Ә Анықтауыш
    • Б Толықтауыш
  4. IV. Мақсат қою

    Көсемшенің сөйлемдегі қызметін меңгерту, талдау-жаттығу жұмыстарын орындату арқылы есімше мен көсемшені ажырата білуге үйрету.

V. Жаңа білімді меңгерту

1) Баяндауыш қызметі

Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып, көмекші етістік жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге көсемше тұлғалы етістік жіктелмей-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алады.

Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай дәл білмейді. (М. Ә.)
Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді. (Ы. А.)
Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді. (Ы. А.)

2) Пысықтауыш қызметі

Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін және мезгілін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін. (А.)
Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты. (М. Ә.)

3) Бірыңғай мүше болып келуі

Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшеден немесе тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып та қызмет атқарады.

Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім. (Ы. А.)
Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат! (М. Ә.)
Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды.

Талдау (қысқаша түсіндірме)

  • жолығып, қолын алыпақыл сұрайын деп едім баяндауышымен бірыңғай мүше болып, баяндауыш қызметін атқарады.
  • үзілмей, қатаймайжелпіп соққан анықтауышымен бірыңғай мүше болып келеді (үзілмей соққан жел, қатаймай соққан жел).
  • мадақтап, асыра мақтапқошеметтегенді толықтауышымен бірыңғай мүше болып келеді (мадақтағанды ұнатпайды, асыра мақтағанды ұнатпайды).

VI. Жаңа білімді тексеру

203-жаттығу

Мәтіннен көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олардың сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.

көсемше сұрақ қою сөйлем мүшесі талдау