Жеңімпаздарға сыйлық

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі: Жанагүл Төлеуовна Аубакирова

«Информатика әлеміне саяхат» — сабақтан тыс іс-шара

Форматы

Капитал-шоу үлгісіндегі ойын-сайыс: «Поле чудес»

Тақырыбы

Есептеуіш техника және оны жасаған ғалымдардың есімдері.

Мақсаты

Оқушылардың қызығушылығын ойын-байқаумен ұштастырып, ойлау қабілетін дамыту және білімін бекіту.

Көрнекі құралдар

  • 1 Ойын алаңы
  • 2 Табло
  • 3 Айналдырғыш барабан
  • 4 Екі шкатулка
  • 5 Слайдтар
  • 6 Жеңімпаздарға сыйлық
  • 7 Жеңімпазға мақтау қағазы

Ойын жоспары

  1. 1

    Жүргізушінің кіріспе сөзі.

  2. 2

    «Поле чудес» ойынының шарттарымен таныстыру.

  3. 3

    Әр турдағы үш ойыншымен танысу және тапқырларды іріктеу.

  4. 4

    Финалда жеңімпазды анықтау және супер ойынды өткізу.

Жүргізушінің сөзі

Бүгін біз «Поле чудес» форматындағы капитал-шоуды бастаймыз. Тақырыбымыз — есептеуіш техниканың дамуы және оны жасаған ғалымдар.

Құрметті көрермендер, ортаға 7–8 сынып оқушыларын шақырамыз. Сонымен қатар әділқазылар алқасын сайлаймыз.

Әділқазылар алқасы

Ойынның негізгі шарттары

  • Бір-біріне көмектесуге болмайды.
  • Ұпайды әділқазылар алқасы есептейді.
  • Барабанды айналдырып, айтылған әріп сәйкес келмесе, ойын келесі ойыншыға өтеді.
  • Егер ойыншы қатарынан 3 сұраққа дұрыс жауап берсе, сыйлық беріледі.
  • Барабанды әр айналымда тек 1 рет қана айналдырамыз.

П — «Приз»

Ойыншы сыйлықты таңдауға немесе ойынды жалғастыруға құқылы. Сыйлық «қара жәшікте» жасырылған; жүргізуші ойыншымен «саудаласады».

+ — «Плюс»

Ойыншы таблодан кез келген әріпті аша алады. Егер таңдалған әріп сөзде бірнеше рет кездессе, барлығы ашылады.

Б — «Банкрот»

Жиналған ұпайлар күйіп кетеді, ойын келесі ойыншыға өтеді. Егер ойыншы екі рет «банкротқа» түссе, жұбату сыйлығы беріледі.

0 — «Нөл»

Ұпайлар жойылмайды, бірақ ойын кезегі келесі ойыншыға беріледі.

x2 — Көбейту

Егер айтылған әріп таблода болса, ұпай екі еселенеді. Әріп екі рет кездессе — 3 есе, үш рет кездессе — 4 есе өседі.

100 ұпай немесе 0

Ойыншы әріпті дәл тапса — 100 ұпай алады.

Ойын 3 турдан тұрады. Әр турдан бір «тапқыр» шығып, финалда үш жеңімпаздың ішінен бір жеңімпаз анықталады. Ол супер ойынға шақырылады.

Іріктеу кезеңі

Қазір 7–8 сыныптардан 9 оқушыны ортаға шақырамыз. Сұрақ қойылады: кім жауабын білсе, қолын көтереді. Дұрыс жауап бергендерге 1, 2, 3 сандары беріледі.

Нұрлы үміт арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Көңілді тапқыштар, білгіштер бар өнерін салар,
Кім білімді, көп оқыған болса — бүгінгі күн жеңімпазы болар.

Турлар

1-тур

Бірінші үштік ойыншы ортаға шақырылады.

Сұрақ

(1623–1662) Қосу машинасын құрастырып, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысы арқылы 8-разрядты сандарды қосу және азайту амалдарын орындаған ғалым кім?

1642 жылы француз математигі 19 жасында «қосу машинасы» деп аталған механикалық есептеуішті жасап, көп орынды сандарды қосуға мүмкіндік берді.

Жауабы

Блез Паскаль

2-тур

Екінші үштік ойыншы ортаға шақырылады.

Сұрақ

Программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машинаның жобасын ұсынған, «аналитикалық машина» идеясын жасаған ғалым кім?

Жауабы

Чарльз Бэббидж

Ұран

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада,
Уақытты текке жоймайық!

3-тур

Үшінші үштік ойыншы ортаға шақырылады.

Сұрақ

1944 жылы «Марк-1» атты алғашқы автоматты релелік компьютерді жасаған американдық ғалым кім?

  • Ұзындығы — 17 м, салмағы — 5 тонна
  • 75 000 электрондық шам
  • 3000 механикалық релесі бар
  • Көбейтуді — 3 секундта, бөлуді — 12 секундта орындаған

Жауабы

Говард Айкен

Түйін

Білімді ұрпақ — еліміздің тірегі. Адам өмірде бар нәрсеге білім арқылы қол жеткізеді. Ізгілік те, ілгерілеу де білімнен бастау алады.

Финал

Финалға үш турдан жеңіп шыққан үш ойыншы шақырылады. Финалда бір ғана жеңімпаз анықталады, қалған екі қатысушыға сыйлық табысталады.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.

Финал сұрағы

Чехияда б.з.д. шамамен 30 мың жыл бұрын сүйектерге салынған кертіктер қалай аталады?

Жауабы

Вестониялық (кертіктер)

Финал жеңімпазына екі таңдау беріледі: супер ойынға қатысу немесе жинаған ұпайына сәйкес сыйлық алып, ойынды аяқтау.

Супер ойын

Өту тәртібі

  • Жүргізуші сұрақ қояды, ойыншы 1 минут ішінде жауабын айтуы керек.
  • Дұрыс тапса, ұпайы екі есе көбейеді.
  • 1 минутта таба алмаса, барабан арқылы әріп айтып жалғастырады.
  • Жауап табылмаса, жиналған ұпай күйіп кетеді.

Супер ойын сұрағы

Ежелгі Римде V–VI ғасырларда қолданылған есептеу құралы қалай аталады?

Қысқаша мәлімет

Ең алғашқы есептеу құралдарының бірі — есепшот. Кей деректер бойынша оның жасы 2000–5000 жыл шамасында, ал пайда болған жері ежелгі Қытай, Египет немесе Греция болуы мүмкін.

Бұл құрал қытайларда суан-пан, жапондарда соробан деп аталған. Есептеу шұңғыл тақтадағы тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шыныдан немесе қоладан жасалған.

Мұндай есепшоттар Қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып, жетілдірілген түрі бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді.

Жауабы

Абак

Қорытынды

Бүгінгі сайыстың жеңімпазы

Жеңімпазға сыйлық табысталады. «Поле чудес» форматындағы сабақтан тыс іс-шарамыз өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қош сау болыңыздар!