Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісіАлпысбаева Күміскүл ӘбдіғаниқызыМектепалды даярлық тобы Ана біздің гүліміз Тәрбиеші

Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Қазалы ауылы

№9 «Балауса» балабақшасы

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

«Ана — біздің гүліміз» мерекелік ертеңгілігінің сценарийі

Бұл ертеңгілік аналар мерекесіне арналып, балалардың өлеңдері, әндері мен билері арқылы анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті айшықтайды.

Топ

Мектепалды даярлық

Бағыт

Өлең • Ән • Би

Кіріспе

Тәрбиешінің құттықтауы

Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері! Баршаңызды көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған Аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Жұмбақ-өлең

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын,

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Сендер үшін дамылсыз жүретұғын — ол кім?

Ж

Балалар: Ана.

Ашылу сөзі

«Ана — біздің гүліміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашу үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбекова апайға береміз.

Хор

«Әрқашан күн сөнбесін»

Балалардың тақпақтары

Тәрбиеші: «Ал енді, балалар, бүгінгі аналарымыздың мерекесіне арнап жаттап келген тақпақтарымызды айтып берейік».

Нұрдәулет

Ақыл құйған санама,

Күннен артық, расында.

Күн алыста, ал анам

Үнемі менің қасымда.

Рамазан

Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқырап жүреміз.

Ананы сыйлаймыз,

Айтқанын тыңдаймыз.

Аяулым

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың.

Бір өзіңе арнаймын

Сөздерімнің бар асылын.

Әлішер

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірлеп

Аналарға сыйлаймыз.

Хор

«Туған күніңмен»

Әли

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

Нұрила

Анам менің мұғалім,

Бізге сабақ береді.

Балалардың бәрі де

Оны жақсы көреді.

Айдана

Ана — біздің күніміз,

Ана — біздің гүліміз.

Ұланды ана қуантқан,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Рауана

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім!» дейтін.

Ән

«Қуыршағым» — Асқар, Жанель

Мерей

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Гүлсезім

Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Дильназ

Сыйлаған маған өмірді —

Анашым, менің аялы.

Жүрегі жұмсақ, көңілі

Күн шуақты саялы.

Жанель

Жан ана — жарық күн жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын.

Дәулет

Асыға күтіп жүргенмін,

Болар деп қашан мейрамың.

Суретін салдым гүлдердің,

Келеді соны сыйлағым.

Ән

«Балалық шақ» — Жалғас, Дильназ

Шығармашылық бөлім

Тәрбиешілер орындауында

«Ана туралы жыр»

Би

«Папури»

Ән

«Ақ мамам» — Қожахмет, Нұрила, Бақыт, Гүлсезім

Қорытынды

Тәрбиешінің қорытынды сөзі

Құрметті аналар, апайлар, осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелік лебіздерін білдіру үшін ата-аналарға сөз береміз.