Тақырып бойынша жаңа сөздерді қайталап, ағылшын тіліндегі саналатын және саналмайтын зат есімдерді меңгеру

Қысқа мерзімді жоспар Ағылшын тілі • 6-сынып Тақырып: Food and drink (Тамақтар мен сусындар)

Мақсаты

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қайталау және ағылшын тіліндегі саналатын және саналмайтын зат есімдерді меңгеру. Топтық және жұптық жұмыс арқылы сыни ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздік қорын жаңартып, саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата алады. Топта және жұпта жұмыс істей отырып, ой қорыту дағдыларын дамытады.

Түйінді идеялар

Tastes differ.

Талғамға талас жоқ.

Пән мұғалімі: Л. М. Шетеева

Кіріспе

Сабақтың басында оқушыларды ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру және сабаққа ынталандыратын қысқа жаттығулар орындалады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Good afternoon, children!
  • Who is on duty today?
  • Who is absent?
  • What day and date is it today?

2) Үй тапсырмасын тексеру

What was your homework for today’s lesson? Write proverbs about health.

3) Тренинг: “Salad”

Apple, banana, orange сөздері арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді (жеміс суреттері бойынша топқа бөлу).

4) Фонетикалық жаттығу

Fruits тақырыбы бойынша дыбыстау және қайталау жұмысы.

Тұсаукесер

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа кіріседі және кесте толтыру тапсырмасы арқылы сөздерді жүйелейді.

1) Warm-up: сұрақтарға жауап беру

Оқушылар ашық сұрақтарға жауап береді:

  • What kind of food do you know?
  • What kind of fruit do you know?
  • What kind of vegetables do you know?
  • What kind of drink do you know?

2) Кестені толықтыру

Әр топ кестені толтырады: топта талқылап, нәтижесін тақтаға жазады.

1-топ

A бөлімі

2-топ

B бөлімі

3-топ

C бөлімі

Мысал: Ex. 1

Ескерту

Материал: Food and drink (Тамақтар мен сусындар).